Фейк: «Мыңдаған жасөспірімдерде COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін бұлшықеттің тартылуы пайда болды»
Әлеуметтік желілерде мыңдаған жасөспірімде COVID-19 қарсы вакцина алғаннан кейін бұлшықеттің тартылуы пайда болғандығы туралы ақпарат таралуда. Дәрігерлер бұл белгілердің табиғатын түсінбегендіктен науқастарға көмектесе алмайды екен. Мұның бәрі өтірік.
Жасөспірім қыздарда бұлшықеттің тартылуы болатыны туралы хабарламалар Желіде 2021 жылдың сәуірінде тараған. Ол кезде 12-17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған COVID-19 қарсы вакциналар әлемнің ешбір елінде әлі мақұлданбаған болатын.
Демек, вакцина ерекше белгілердің пайда болуына себеп бола алмайды.
Сарапшылар бұлшықеттің тартылуының дамуының жаппай жағдайларын танымал әлеуметтік желілермен, атап айтқанда, Tik-Tok және YouTube-пен байланыстырады.
Себебі, мұндай белгілері бар адамдардың бәрі платформаларда Туретта синдромына – қозғалыс пен психоэмоционалды бұзылулармен сипатталатын психоневрологиялық ауруға арналған видеоларды көрген. Сондай-ақ, бұлшықеттің тартылуына байланысты дәрігерге жүгінген қыздар арасында депрессиялық және мазасыздыққа бейім адамдар бары байқалды. Осыған орай дәрігерлер бұлшық еттің тартылуы әсершіл қыздарда роликтер көргеннен кейін пайда болуы ықтимал деген қорытынды жасады.
– Біз бұл басқа адамдардың қимылдарын саналы, автоматты түрде қабылдау сирек жағдай емес екенін және оның жаңғырық феномені деп аталатынын білеміз, – деді медицина ғылымдарының докторы Александр Мюнхау Psychiatric News порталына.
Сондай-ақ ол ұқсас жағдайлар ғылыми әдебиеттерде сипатталғанын түсіндірді, алайда жаңғырық феномені жеке байланыстан кейін дамыған.
Сонымен қатар бұлшықеттің тартылуының дамуы – COVID-19 қарсы вакцинацияның жанама әсері емес екенін атап өткен жөн. Мұндай реакция клиникалық сынақтар кезінде де, олар аяқталғаннан кейін де тіркелмеген.
Қорыта айтқанда, вакцинация салдарынан зардап шеккен мыңдаған жасөспірім туралы ақпарат – фейк.