Fake News

Фейк: «Кедей елдер үшін әдейі бедеулікке әкелетін вакцина ойлап табылды»

Қазнетте тараған видеода вакцинацияға қарсы танымал тұлға Галина Червонская кедей елдер үшін әдейі бедеулік тудыратын вакциналар шығарылатынын айтады. Бұл негізі жоқ ескі миф.

Алдымен Галина Червонскаяның жалған ғылым мен вакцинацияға қарсы идеяларды дәріптеуші екенін атап өткен жөн. Беделді ғалымдар оның мәлімдемесін «асыра сілтеу және сандырақ» деп атайды. 2020 жылы Галина Червонская «жалған ғылым, псевдоғылым және оны танымал ету саласындағы жетістіктері үшін» берілетін «ВРАЛ Құрметті академигі» атағына ие болды.
Үшінші әлем елдерінде адамдар бедеулікке әкелетін вакциналармен егілді деген идеялар 2000 жылдардың басында, Африка елдерінде полиомиелитке қарсы жаппай егу науқаны басталған кезде шыққан. 
Алайда, сол кезде де бұл теорияға сенуге негіз болмаған, қазір де жоқ.
Ғалымдар бала туу қабілеті мен вакциналар арасындағы байланысты бірнеше рет тексерді. Иммунизация фертильділікті төмендететініне ешқандай дәлел табылмады. 
Фертильділік тақырыбына арналған жүздеген ғылыми еңбектер мен зерттеулер бар. Адамдарда бала көтерумен байланысты қиындықтардың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, бірде-бір беделді зерттеуде бұл себептердің қатарына вакцинация жатады деп айтылмаған.
Африкада бедеулікке әкелетін вакциналар қолданылмағанына тағы бір дәлел – туу статистикасы. Африка елдері бүкіл әлемде туылған балалар саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Мысалы, Нигерде бала туу көрсеткіші бір әйелге орта есеппен 6.8 құрайды, ал дамыған Сингапурде бір әйелге – 1.1 бала.
Осылайша, Африка елдерінде адамдарды вакцинацияның көмегімен бедеу етті деген болжам – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button