Фейк: «Әлемде тек 3,5 миллиард адам тұрып жатыр»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда әлемде жеті миллиардтан астам емес, бар болғаны үш жарым миллиард адам тұрып жатқаны туралы ақпарат таратылуда. «Олар» деген біреулер адамдарға гендік модификацияланған өнімдер жасау және халықты улау үшін адамдарға өтірік айтады. Бұл фейк.
Біріншіден, бұл теорияның қисынсыз екендігін атап өткен жөн. Планетамызда онсыз да тым аз адамдарды улау кімге қажет екені белгісіз.
Гендік модификацияланған өнімдерді жасау, керісінше, Жер халқының санының аса қарқынды артуынан туындаған аштықпен күресудің жолы. Гендік манипуляциялар шаруаларға ауа райының өзгеруіне және зиянкестерге төзімді өнімдер өсіруге мүмкіндік береді, олардың өнімділігі жоғары және ұзақ сақталады.
Жер халқын есептеуге келетін болсақ, бұған күмәндануға негіз жоқ. 2011 жылы планета халқының саны жеті миллиардқа жетті. БҰҰ мамандары бұл есептеулердің дәлсіздігі шамамен 1-2% құрайтынын мәлімдеді. Яғни, жеті миллиард болса, онда дәлсіздік шамамен 56 миллион болады. Бұл кейбір елдерде демографиялық статистиканың дұрыс емес және уақытылы жүргізілмеуінен туындайды.
Өз кезегінде, Жер халқының саны бар-жоғы 3,5 миллиард екендігін айтқан видео кейіпкері ешқандай есептеулер жүргізбейді, тек әр елде адамдар тұрмайтын аймақтар бар екенін ғана айтады. Бұған мысал ретінде ол Мәскеу немесе Нью-Йорк сияқты ірі қалалардың айналасын келтіреді, олардың сыртында адамдар мекен етпейтін шөлдер бар екен. Алайда, мұны салмақты дәлел деп санауға болмайды.
Біріншіден, осы мысалдарды келтіре отырып, спикер Нью-Йорк халқының саны 2022 жылы 18 миллион 867 мың адамды құрағанын ескермейді. Салыстыру үшін, бұл Қазақстан халқының санынан бір миллионға кем, яғни біздің елімізде 19 миллион 222 мың адам бар.
Екіншіден, ол халықтың саны туралы емес, тығыздығы туралы айтады. Халықтың тығыздығы – бір шаршы шақырымға шаққандағы тұрғындар саны. Мысалы, көлемі әртүрлі, бірақ азаматтар саны бірдей елдерде халықтың тығыздығы әртүрлі болады.
Халықтың тығыздығы туралы айтатын болсақ, кез келген құрлық адамның өмір сүруіне қолайлы болмайтынын ескеруіміз қажет. Біздің планетамызда өмір сүруге жарамсыз таулар, шөлдер мен джунгли бар. Мысалы, Антарктида. Бұл бірде-бір мемлекет жоқ материк, демек, онда адамдар тұрмайды. Құрлықта тек бірер уақытқа келген зерттеушілер мен ғалымдардың ғана қоныстары бар. Қатал климаттық жағдайларға байланысты онда өмір сүру өте қиын.
Алайда, континенттердің бірінде тұрақты халық болмағандықтан Жер планетасында өмір сүру мүмкін емес деп айту дұрыс емес.
Тағы бір мысал ретінде Австралияны келтіруге болады – бұл материктің орталығында адам тұрмайды. Себебі құрлықтың шетінде, мұхитқа жақын маңда климат жұмсақ, ал ортасында адамдардың өмір сүруіне қолайсыз шөл бар.
Желіде әртүрлі елдердегі халықтың тығыздығы көрсетілген карталарды көруге болады. Онда Азия, Европа және Африканың кейбір елдерінде халық тығыздығы жоғары екендігі айқын көрсетілген.
Қорыта айтқанда, таратылған видеодағы мәлімдемелер фейк және расталмайды.