Fake News

Фейк: «COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналары иммун тапшылығын тудырады»

Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы егілгендердің көбінде АИТВ-статусы оң болатыны туралы хабарлама таралуда. Мұндай жағдай әлем бойынша тіркеліп жатыр және ол мРНҚ вакциналары ауыр иммун тапшылығын тудыратынымен байланысты екен. Бұл фейк.

Жалған ақпаратты кардиолог Питер МакКаллоу таратуда. Бұл дәрігер вакцинацияға қарсы белсенді тұлға ретінде белгілі. Ол COVID-19 пандемиясы және вакциналар туралы бірнеше рет ғылымға қарсы мәлімдеме жасаған. МакКаллоудың айтуынша, екпелер өлімге әкеледі және вирус жұқтырып алмас үшін вакцинацияланған адамдармен жыныстық қатынасқа түспеген жөн. Бұл адамға сенуге болмайды.

Адамның иммун тапшылығы вирустары (АИТВ) COVID-19 байланысты емес. Бұл адамның иммундық жүйесіне әсер ететін ретровирустардың кіші тобы. Аурудың кейінгі сатысы – ЖИТС.

АИТВ қан, емшек сүті, сперматозоидтар және қынап сұйықтығы сияқты биологиялық сұйықтықтар арқылы беріледі. Сондай-ақ, анадан балаға жұғады. Сүю, құшақтау және бірге тамақтану арқылы ауруды жұқтыру мүмкін емес. АИТВ антиретровирустық терапиямен (АРТ) емделеді.

Сарапшылардың айтуынша, «вакцинадан туындаған иммун тапшылығы синдромы» сияқты құбылыс табиғатта жоқ. Колумбия университеті хирургия ғылымдар бөлімінің меңгерушісі, микробиология және иммунология профессоры Донна Фарбердің сөзінше, вакциналар иммундық жасушаларды әлсіретпейді. Керісінше, оларды жандандырып, бөлінуге, сондай-ақ антиденелер мен патогенді анықтап, ағзаға одан арылуға көмектесетін еритін факторларды қалыптастыруға итермелейді,

2023 жылдың қыркүйегінде Желіде Pfizer компаниясының COVID-19 қарсы вакцинасы иммун тапшылығы синдромын тудырды деген фейк ақпарат таралды.

Associated Press журналистері бұлай болуы мүмкін емес екенін кеңінен түсіндірді.

Яғни, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар иммун тапшылығын тудырмайды. Бұған ғылыми дәлел жоқ. Reuters, Associated Press, Health Desk, AFP және PolitiFact сияқты әртүрлі елдердің фактчекерлері осы бағытта тергеу жүргізді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button