Fake News

Фейк: «COVID-19-ға қарсы вакциналарды жүкті әйелдерде және АИТВ нәтижесі оң адамдарда сынаудан бас тартылды»

Telegram-да Pfizer/BioNTech және Moderna компаниялары коронавирустың оңтүстікафрикалық штаммына қарсы вакциналарды клиникалық сынақтарға қатысудан, сондай-ақ оларды жүкті әйелдерде және АИТВ нәтижесі оң адамдарда сынаудан бас тартқаны туралы хабарламалар таратылуда. Бұл жалған.


Жаңалықтың түпнұсқасы биыл 17 маусымда Wochenblick неміс журналында жарияланды. Басылым бұған дейін де COVID-19 пандемиясы туралы дәлелденбеген және ашық жалған хабарламаларды бірнеше рет жариялаған болатын.
Pfizer/BioNTech және Moderna ауқымды клиникалық сынақтарға қатысудан бас тартты деген мақала да солардың бірі.
Шын мәнінде, екі вакцина да сынақтан өтті, оның барысында оңтүстікафрикалық штамға қарсы тиімділігі расталды. Бұл туралы осы жылдың сәуір айында хабарланды.
Препараттар АИТВ бар адамдарда да сыналды. Нәтижелер вакцинаның тиімді және қауіпсіз екенін көрсетті.
Вакциналарды жүкті әйелдерде сынау биыл ақпан айында басталды. 
Мамыр айында Pfizer/BioNTech және Moderna препараттары бала көтерген әйелдер үшін тиімді және қауіпсіз деп жарияланды.
Қорыта айтқанда, вакцина өндірушілер белгілі бір топтар арасында өз препараттарын қауіпсіздік пен тиімділікке сынаудан бас тартады деген хабар жалған. Вакциналардың оңтүстікафрикалық штамға қарсы тиімділігін және олардың жүкті және АИТВ-оң нәтижесі бар адамдарға қауіпсіз екендігін растайтын клиникалық зерттеулер мақала Wochenblick порталында жарияланғанға дейін бірнеше ай бұрын өткізілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button