Fake News

Фейк: «Егілген адамдар арасында аурушаңдық деңгейі үш есе жоғары»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Ұлыбританияда соңғы деректер вакцинацияланған адамдар арасында егілмегендерге қарағанда COVID-19 аурушаңдық деңгейі үш есе жоғары екенін көрсетті деп жазды. Сондай-ақ, хабарламада вакцина салдырған және салдырмаған вирусты бірдей тарататыны айтылған. Бұл олай емес.

Бұл ақпараттың дереккөзі – World-Signal.com порталы. Сайт Форекстегі трейдингке арналған және сенімді жаңалықтар порталы емес. Бұл туралы сайттың өзінде орналасқан дисклеймерде айтылған.
«Жарияланған материалдар шын деп саналады, алайда World-Signal да, оның қызметкерлері де олардың нақты және өзекті екендігіне кепілдік бере алмайды және қалыптасуы мүмкін кез келген қателіктер мен олқылықтар үшін жауап бермейді», – делінген хабарламада.
Жаңалықтар бөлімінде жарияланған вакцинацияланған адамдар COVID-19 қарсы екпе салдырмағандарға қарағанда үш есе жиі ауырады деген ақпарат Ұлыбританияда егілмеген адамдар арасындағы аурушаңдықтың нақты статистикасына сәйкес келмейді.
Лондон Императорлық колледжінің ақпаратына сәйкес, биыл 5-20 қаңтар аралығында COVID-19-ға ПТР тест тапсырған 100 500 адамның әрбір 23-сінде оң нәтиже шыққан. Бұл – 2020 жылғы мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, материалда ауру жұқтырғандардың барлығының үштен екісі немесе 64,6%-ы бұған дейін COVID-19-бен ауырғаны айтылған.
Науқастардың үштен екісі бұрын вакцинацияланғаны туралы айтылмаған. Керісінше, материалда доктор Дженни Харристің «вакцинация омикронды жұқтырудың нәтижесінде ауруханаға жатқызудан және дерттің ауыр ағымынан қорғаудың ең жақсы тәсілі болып қала береді» деген сөздері келтірілген. Ол сондай-ақ әлі егілмеген адамдарды мүмкіндігінше тез арада вакцина салдыруға шақырды және аурудың ауыр түрінің дамуын болдырмауда вакциналардың тиімділігі айқын екенін атап өтті.
COVID-19 болған өлім-жітім статистикасына сәйкес, өткен жылдың қазан айында Англияда 100 000 адамға шаққанда вакцинацияланбаған 23.8 адам қайтыс болды. Егілген адамдар арасында бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 5.2 құрады.
АҚШ-та 2021 жылғы 4 желтоқсанда COVID-19-дан болған өлім-жітімнің апта сайынғы көрсеткіші вакцинацияланбаған адамдар арасында 100 000 мың адамға шаққанда 9.47 және вакцинацияланған және кейін ревакцинацияланған адамдар арасында 100 000 адамға шаққанда 0.1 адамды құрады.
Вакцинацияланған адамдар COVID-19-ды егілмеген адамдар сияқты таратады деген ақпарат – манипуляция. Әрине, вирус жұқтырған жағдайда вакцинацияланған адам оны таратуы мүмкін, алайда ғылыми зерттеулерге сәйкес, вакцинацияланған адамдар вирустан тез жазылады және жоғары вирустық жүктеме уақыты вакцина алмағандарға қарағанда едәуір аз болады. Демек, вакцинацияланған адамнан ауру жұқтыру ықтималдығы егілмеген адамнан жұқтыру мүмкіндігінен төмен.
Сонымен, вакцинацияланған адамдар COVID-19 үш есе жиі ауыратыны туралы мақала – фейк. Ол сенімсіз ресурста шыққан, онда қандай да болмасын рецензияланған ғылыми мақалаларға сілтемелер берілмеген және ол ресми статистикаға қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button