Fake News

Манипуляция: «Аргентинада 20 мыңнан астам адам Спутник-V вакцинасының жағымсыз реакциясы туралы айтқан»

Қазақстандық Telegram-чаттарда Аргентинаның Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған «Спутник-V» вакцинасының қауіпсіздігі туралы есептен алынған мәліметтер таратылуда. Оның авторларының айтуынша, 20 мыңнан астам адам вакцинаға жағымсыз реакциялар болғанын айтқан, бірнеше адамда ауыр аурулар дамыған және бір адам вакцинациядан кейін қайтыс болды. Бұған дәлел жоқ.

«Спутник-V» вакцинасы Аргентинада өткен жылдың 24 желтоқсанында тіркелді. Бұл елдегі СOVID-19 алдын алуға арналған алғашқы дәрі болды. Кейінірек Аргентина билігі Үндістанда шығарылған Covishield, қытайлық Sinopharm және Оксфорд мамандары әзірлеген AstraZeneca вакциналарын қолдануға рұқсат берді.
Вакциналардың жанама әсерлерін және вакцинацияланған адамдарда пайда болатын жағымсыз реакцияларды бақылау үшін өзіндік бақылау жүйесі құрылды. Ел тұрғындары препаратты алғаннан кейін әл-ауқаттың нашарлауы туралы хабарларды жібереді. Содан кейін келіп түскен өтініштерді мамандар қарайды. Вакцинаға жағымсыз реакциялар орын алған пациенттердің саны туралы есептер Аргентина Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында ұдайы жарияланып тұрады.
«Спутник-V» туралы соңғы есеп осы жылдың 14 мамырында болған. 
Онда бұл препаратпен 3 414 158 адам егілгені айтылған. Оның 26 433-і жанама әсерлер туралы хабарлаған. 33.2% – да бас ауырып, дене қызуы көтерілген, 38.8-де тек басы ғана ауырған, 7.8% – безгек қана болған. Сондай-ақ, адамдардың 9.1% инъекция орнында ауырсынуды сезінген. 5.55% жүрек айну, құсу және диарея белгілерімен көмекке жүгінген. 1.5% жеңіл немесе орташа аллергия шыққан. Алты адамда немесе 0.022 анафилактикалық шок болған. Айта кетейік, мұның алдындағы есепте, 12 мамырда, олардың барлығының анамнезінде аллергия болғаны көрсетілген. 
Сонымен қатар, кестеде екі адамда Гийена–Барре синдромы, тағы екеуінде иммундық тромбоцитопения болғаны айтылған. Бұл ақпарат «Анықталмаған» бағанында жазылған, яғни вакцинация мен қойылған диагноздар арасындағы байланыс расталмаған.
Сондай-ақ, кестеде вакцина алуға қатысы жоқ мәліметтер мен хабарламалар да ұсынылған. Мысалы, бас жарақаты, катаракта, мұрыннан қан кету, белдемшелік теміреткі және т.б..
«Өлім» сөзі кестеде «Сәйкестік» бағанында кездеседі және вакцинамен байланысты емес жағдайлардың статистикасына кіреді.
Есепте көрсетілген барлық реакциялар препаратты салдырумен байланысты болуы мүмкін екендігі көрсетілгенін атап өткеніміз жөн.
Осы жылдың 12 мамырындағы құжатта: «Спутник-V вакцинасын қолданғаннан кейін жағымсыз жағдайлардың даму жиілігі жоғары болса да, олардың басым бөлігі жеңіл немесе орташа болды және вакцинациядан кейінгі алғашқы 72 сағат ішінде орын алған» делінген.
Қорыта айтқанда, «Спутник-V» вакцинасын алғаннан кейін жанама әсерлерге қатысты жаппай шағымдар манипуляция болып табылады. Вакцина салдырғандардың көбі тек безгек, бас ауруы және инъекция орнындағы ауырсыну туралы ғана айтқан, бұл препаратқа қалыпты реакция ретінде көрсетілген және болуы мүмкін деп саналады. 
Гийен-Баре синдромының дамуы және иммундық тромбоцитопения туралы мәліметтер расталмаған, ал «өлім» сөзі қайтыс болған адамның өлім себебі мен анамнезін көрсетпей, «Сәйкестік» бағанында жазылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button