Fake News

Фейк: «ДНҚ жоқ, ал вирустар көбейе алмайды»

Қазақстандықтар Андрей Тюняевтің бейнеролигімен бөлісуде. Онда ол ДНҚ іс жүзінде жоқ, ал ғалымдар оны қандай да бір еңбектерде қолданылатын перфолентаға ұқсас етіп ойлап тапқан. Псевдоғалымның тағы бір тезисінде «вирустар көбейе алмайды» делінген. Ол мұны вирустар тірі ағза емес және жыныс мүшелері жоқ деп түсіндіреді. Мұның бәрі ғылымға қарсы және мүлдем дәлелденбеген.

Алдымен Андрей Тюняевтің кім екендігі туралы қысқаша айтып өтейік. Ол өзі іргелі деп таныған «Организмика» ғылымын ойлап тапқан балалар жазушысы және журналист. Алайда, басқа ғалымдар Тюняевтің еңбектерімен танысып, «Организмиканы» жүйелі жалған ғылым, ал оның өзін псевдоғалым деп атады.

Сондай-ақ Андрей Тюняевтің YouTube платформасында «Организмика» постулаттарын тарататын және өз жазған кітаптарды жарнамалайтын арнасы бар. Биыл наурыз айында ол өз роликтерінде COVID-19 тек еврейлер мен армяндарға ғана жұғады, ал басқа дені сау адамдар органдарын алып, сату үшін ауруханаға жатқызылады деп мәлімдеді. Бұл үшін оған 400 000 мың рубль көлемінде айыппұл төлеу туралы үкім шығарылды. 

Демек, Андрей Тюняевтің теориясын шындық деп қабылдауға болмайды.

Енді ғалымдардың ДНҚ-ның бар екендігіне және вирустардың көбейе алатындығына неге сенімді екенін түсіндіріп өтейік.

1869 жылы швейцариялық химик-физиолог Фридрих Мишер алғаш рет қан ядросының ішіндегі затты анықтап, оны «нуклеин» деп атады. Аурухана пациенттерінің қан мен ірің сіңген таңғыштарынан алынған қан ақ жасушаларын зерттеу кезінде ғалым күтпеген жерден кез келген ақуыздан өзгеше химиялық қасиеттері бар жасуша ядроларынан тұратын затты тапты. Оның құрамындағы фосфор әлдеқайда көп болды және протеолизге (ақуыздың қорытылуына) қатысты болды. Мишер ашқан жаңалыңының маңыздылығын түсіне отрып, былай жазған: «менің ойымша, құрамында аздап өзгеретін фосфор бар заттардың тобы ақуыздарға балама нуклеин тобы ретінде пайда болады».

Ал, 1881 жылы неміс биохимигі Альбрехт Коссель нуклеинді нуклеин қышқылы ретінде сәйкестендіріп, оған қазіргі химиялық атауын берді – дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ). Сонымен қатар, ол ДНҚ мен РНҚ-ның құрылыстық блоктары болып табылатын бес нуклеотидті де ашқан – аденин (A), цитозин (C), гуанин (G), тимин (T) және урацил (U). Бұл еңбегі үшін ғалым 1910 жылы Нобель сыйлығын алды. 

1900 жылдардың басында бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеген екі ғалым Уолтер Саттон мен Теодор Бовери тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын жасады. 

Содан бері ДНҚ-ны зерттеу тоқтаған емес. Алайда оның қос спираль құрылымын ғалымдар Фрэнсис Крик пен Джемс Уотсон 1953 жылы ғана ашты. Олар ДНҚ молекуласын көре алмағандықтан, математикалық есептеулерге және «фото 51» атауымен белгілі рентген суретке негізделген болжамдарын жасады. 

Рентген суретті 1952 жылы Розалинд Франклин мен Рэй Гослинг Лондон Корольдік колледжінің биофизика бөлімінде жасаған. Онда гидратталған ДНҚ-ның кішкентай үлгісі көрсетілген. Оны алып тастамас бұрын, үлгі 60 сағаттан астам уақыт рентген сәулесімен жарықтандырылды. Соның арқасында фотода молекуланың үш өлшемді құрылымы көрінеді. 

Бүгінгі таңда ДНҚ-ны көруге мүмкіндік беретін қуатты электронды микроскоптар бар. Заманауи жабдықтың көмегімен түсірілген суреттер көпшілікке қол жетімді. 

Қазір ғалымдар ДНҚ-ны зерттеуді жалғастыруда, тіпті оны модификациялауды да үйренді. Мысалы, АҚШ-та генетикалық түрлендірілген ақсеркені сатып алуға боалды, ал британдық ғалымдар Зика вирусын тарататын масалардың геномын жыныстық жетілуге жетпейтіндей етіп өңдеді, яғни олар адамдарды шақпайды. 

Кейбір елдерде қараңғыда жарқырайтын генетикалық түрлендірілген аквариум балығы сатылады.

Мұның бәрі ДНҚ-ның бар екенін дәлелдейді және оны зерттеу мен 1980 жылдарға дейін тасымалдаушы ретінде қолданылған перфоленталар арасындағы байланыстарды жоққа шығарады.

Тюняевтің вирустардың көбейе алмайтыны туралы тағы бір тұжырымы да ғылымға қарсы. Ол вирустардың жынысы мен жыныс мүшелері болмағандықтан, олар көбейе алмайды деп мәлімдейді. Алайда, табиғатта жыныстық жолдан басқа да көбею әдістері бар. Ғылымда екілік бөліну, митоздық бөліну, вегетативті көбею, сондай-ақ споралар мен зооспоралар арқылы көбею сияқты жыныссыз көбеюдің түрлері белгілі. 

Вирустар тек тірі жасушада ғана көбейеді. Вирус ішіне еніп, оның ақуыздарын репликация үшін, яғни өзі сияқтыларды қалыптастыру үшін қолданады. Қазіргі заманғы электронды микроскоптар мамандарға бұл процесті зерттеп, оны егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік береді.

Демек, псевдоғалым және жалған ғылымның негізін қалаушы Андрей Тюняевті сенімді дереккөз деп санауға болмайды. ДНҚ-ның бар екендігі ғылыми дәлелденген, заманауи жабдықтар тіпті молекуланы да көруге мүмкіндік береді. Вирустар тірі жасушалардың ішінде көбейеді, бұл процесс те толық зерттелген және сипатталған

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button