Fake News

Манипуляция: «Салық төлеушілердің ақшасы аламандарға қатыгез тәжірибелер жүргізуге жұмсалады»

Telegram-да аламандарға жүргізілген қатыгез тәжірибелер туралы ақпарат тарады. Онда кеміргіштердің күрес клубының құрылғаны, түсіп қалған сәбилердің адам тіндері мен бас терісін тышқандарға ауыстырып салу, сондай-ақ салық төлеушілердің ақшасын жануарларда басқа да қауіпті тәжірибелер жүргізуге жұмсалатыны жайлы айтылған. Бұл манипуляция.

Ақпаратта Джорджия университетіне аламандарды агрессивті ұрыс машиналарына айналдыру үшін салық төлеушілер есебінен 1,5 миллион доллар төленгені туралы айтылған ағылшын тіліндегі мақалаға сілтеме берілген. «Аламандарды генетикалық түрлендіріп, бас сүйектерін тесіп, модификацияланбаған, қарапайым аламандармен таластырған. Агрессивті әрекеттері, мысалы тістегені немесе қысып алғаны, аумақты белгілегені үшін ұпайлар беріліп отырған». Бұл өтірік.
Шынымен, бұл тәжірибе Джорджия университетінде өткізілген және Rockfeller University (Нью-Йорк) сириялық аламандарда аргинин-вазопрессин рецепторын өңдеу бойынша зерттеудің бөлігі болды. Аргинин-вазопрессин агрессия тудырады, ал тәжірибенің міндеті осы рецепторы бар және жоқ аламандардың мінез-құлқындағы бір жынысты тұқымдастарына қатысты айырмашылығын анықтау болды. Ғалымдар бұл генді өңдегеннен кейін аламандардың агрессия деңгейі төмендейді деп ойлады. Алайда, олай болған жоқ. Зерттеу көрсеткендей, аргинин-вазопрессин рецепторы бар аламандар агрессивті мінез-құлық танытып, бір жынысты тұқымдастарына шабуыл жасай бастады. Ультра оңшыл жаңалықтар порталдары нақ осы жағдайды «күрес клубы» деп атаған. Бұл түбегейлі дұрыс емес, өйткені ешқандай күрес клубы құрылған жоқ және ғалымдардың мақсаты аламандар популяциясында агрессияны арттыру болмаған.
Аламандарды зерттеу NIAID қоры есебінен қаржыландырылды. Өз кезегінде, қор қаражаттың бір бөлігін АҚШ конгресінен, ал екінші бөлігін меценаттардан алады. Бұл қордың директоры Энтони Фаучи. Алайда, таратылым авторы айтқандай, зерттеуге Фаучидің өзі демеушілік етті деп мәлімдеу дұрыс емес. Гранттар беру туралы шешімді Қордың бірден бірнеше мүшесінен тұратын арнайы комиссия қабылдайды, ал Энтони Фаучидің өзі оған кейбір жекелеген жағдайларда ғана қатысады.
Сондай-ақ, хабарламада Питтсбург университетінде жүргізілген кеміргіштерге түсіп қалған сәбилердің бас терісі трансплантациялаған тәжірибе туралы да айтылады. Зерттеудің мақсаты тері ауруларын емдеу және дамыту механизмдерін зерттеу болды. Ғалымдар адамдардың тері үлгілерін тышқандарға ауыстырып салған. Мұндай әдістер ультра оңшыл қозғалыстың жақтаушылары мен жануарларды қорғаушылардың наразылығын тудырды. Университетке қатысты сын көп айтылған соң тәжірибеде қандай да бір заң нормалары бұзылғанын анықтау үшін тәуелсіз тергеу басталды. Оның нәтижелері зерттеудің АҚШ-тың барлық федералды және мемлекеттік нормативтік талаптарына сәйкес болғанын көрсетті.
Сонымен қатар, таратылған хабарламада бигль иттеріне әдейі паразиттер жұқтырып, «тәжірибелік препараттар» сынау бойынша жүргізілген тәжірибе туралы айтылады. Нәтижесінде иттерді бүргелер тірідей жеп қойған. Бұл өтірік.
Шын мәнінде, Джорджия университетінде масалар тарататын ауру және әлемде 120 миллионға жуық адам ауыратын лимфа филариатозына қарсы вакцина сыналды.
Тәжірибе барысында иттерді бүргелер «жемеген», тәжірибе аяқталғанға дейін оларды ұйықтатып тастаған.
Осы зерттеуді қаржыландырды деп айтылып отырған Энтони Фаучидің бұл ретте NIAID қорынан грант бөлу туралы шешім қабылдауға қатыспаған.
Жануарларға дәрілік және косметикалық құралдардың қауіпсіздігін сынау және тексеру – әлемнің барлық дерлік елдерінде мемлекеттік талаптарға толық сәйкес келеді. Мысалы, Ұлыбритания заңы бойынша барлық жаңа дәрі-дәрмек адамдарда сыналмас бұрын кеміргіштер мен ірі сүтқоректілерде тексерілуі керек. Осындай сынақтардың көмегімен препараттың жүрек ақауын туындататынын немесе компоненттерінің уақыт өте келе бауырда жинақталатынын анықтайды. Жануарларды сынау адамның клиникалық сынақтары кезінде өлім-жітім көрсеткішін едәуір төмендетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде екі қорытынды жасауға болады. Біріншіден, Энтони Фаучи ешқандай ғылыми зерттеулерге демеушілік жасамайды. Ол – перспективалы және қоғамдық маңызы бар тәжірибелер жүргізуге гранттар беретін NIAID қорының директоры. Бұл гранттарды беру туралы шешімді Қордың бірнеше мүшесінен тұратын комиссия қабылдайды. Қордың өзі АҚШ Конгресі бөлген қаражат пен меценаттардың қайырымдылықтары есебінен қызмет етеді. Екіншіден, дәрі-дәрмек пен косметикалық препараттар жануарларда сыналады. Бұл миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін қажеттілік, өйткені белгілі бір өнімді, мысалы, кеміргіштерде тексеру адамдарда ауыр аллергиялық реакцияларды болдырмауға немесе оларда қауіпті патологияларын дамуына жол бермеуге көмектеседі.
Демек, хабарламада ғылымды, фармакологиялық индустрияны және доктор Энтони Фаучиге жала жабатындай ұсынылған манипуляциялық ақпарат бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button