Fake News

Жалған: «Табиғи шешекке қарсы вакцина аурудан қорғамайды, оны таратады»

Әлеуметтік желілерді қолданушылар табиғи шешекке қарсы вакцина аурудың алдын алуға емес, оның таралуына ықпал етті деген ақпаратпен бөлісуде. Бұған дәлел ретінде авторлар Альфред Уоллестің 1904 жылғы мақаласын келтіреді. Бұл тұжырым жалған, ал мақала хабарламада айтылғандарды растамайды. Неге? Түсіндірейік.


Хабарламада айтылған мақалада Альфред Уоллес өз кітабында баяндаған егу басталғанға дейін және егу кезінде шешек ауруынан болған өлім-жітім көрсеткіштері ұсынылған. Британиялық натуралист, географ, биолог әрі антрополог пен оның кітаптары туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Манипуляция: «Желіде вакцинацияның зияны туралы құпия зерттеу тарады»

Қазіргі ғалымдар сол кезде медициналық, соның ішінде өлім-жітім туралы мәліметтерді жинау мен талдаудың стандарттары болмағанын айтады. Дау-дамайда вакцинацияны жақтаушылар мен оған қарсы адамдар қолда бар көрсеткіштерді өз пайдасына қарай өзгертіп, қолданған.
«Ықтимал себептерді анықтау үшін пайдалы болуы мүмкін статистикалық мәліметтер ол кезде болған жоқ. Уоллес пен оның қарсыластары қолданған вакцинация туралы пікірталастарға статистикалық көзқарас вакцинаның тиімділігі мәселесін шеше алмады; осылайша, әр тарап өз қажеттілігіне қарай интерпретациялаған», – деп түсіндіреді зерттеуші Томас Вебер «Альфред Расселл Уоллес және викториялық Англиядағы вакцинацияға қарсы қозғалыс» атты мақаласында. 
Табиғи шешек – бұл аса жұқпалы инфекция, өте қауіпті ауру, ол ауыр өтеді, безгек болады, тері мен шырышты қабаттарда бөртпелер қаптайды, көп жағдайда тыртықтар қалады.
Шешек өлімнің басты себебі болған. Ауру ошақтары бүкіл әлемде тіркелді. Сондықтан дәрігерлер бұл ауруды жеңудің жолын іздеді.
«Еуропада шешекпен күресудің алғашқы әдісі вариоляция болды. https://star-wiki.ru/wiki/Variolation. Санктпетербургтік профессор Юрий Зобнин түсіндіргендей, бұл әдіс шешек ауруынан жазылған науқастардан биологиялық материал алып, оны сау адамдарға жасанды түрде егуге негізделді. XVIII ғасырда былай жасаған: ауру жұққан жіпті кесілген тері астынан өткізген», – деп жазады Deutsche Welle.
Бұл өте қауіпті әдіс еді. Иммунитет қалыптастыру үшін табиғи шешек вирусы қолданылғандықтан, процедурадан кейін адамдардың 2-3% қайтыс болған. Оның үстіне, науқас ауруды одан әрі таратқан. Дегенмен, иммундаудың бұл әдісі қолданылды, өйткені ол өлім-жітім жағдайларын едәуір азайтуға ықпал етті.
18 ғасырдың соңында Эдвард Дженер аурумен күресудің тағы бір әдісі – вакцинаны ойлап тапты. Ол үшін сиыр шешегінен, жануарлар ауруынан алынған материал қолданылды. Бұл әдіс адамдар үшін қауіпсіз болды, сондай-ақ, вакцинацияланған науқастар басқаларға ауру жұқтырмаған.

Табиғи шешекке қарсы вакцинада ауру тудыруы мүмкін вирус болған жоқ. Демек, вакцинация аурудың таралуына себеп бола алмайды. Оның үстіне, оны жеңе алды.
Табиғи шешек – вакцинация арқылы толығымен жойылған жалғыз ауру. Бұл туралы ДДСҰ 1980 жылы жариялады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button