Жаңалықтар

StopFake жауабы: Сеулдегі митингтердің коронавирусқа қатысы жоқ

Stopfake редакциясына оқырманнан сұрақ келіп түсті: «Сеулде өтіп жатқан митингтерде халықтың COVID-19 байланысты енгізілген шектеулерді алып тастауды талап етіп жатқаны рас па?». Оған shokan_maratuly-ның Instagram парақшасындағы стористің скриншоты тіркелген.

Сеулде митингтің өткені рас. Ол 15 тамызда Кореяның Жапониядан тәуелсіздік алғанына 74 жыл толуына орай өткізілді. Екі ел арасындағы сауда соғысы да наразылық шарасына себеп болды. 2 тамызда Жапония Үкіметі Кореяны сенімді серіктестер тізімінен шығарып тастады, Оңтүстік Корея Үкіметі де өз тарапынан тиісті шаралар қолданды. Yonhap News ірі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жаңбырға қарамастан қала көшелеріне кем дегенде 10 мың адам шықты.

 

Сонымен қатар, «Хабар» телеарнасының Кореядағы меншікті тілшісі түсірген видеосюжетті де көруге болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button