Fake News
WhatsApp-та далада вирус шашатыны туралы фейк таратылуда
Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратуда. Бұл фейк.
Хабарлама авторы «аурухана қызметкерлерінің» айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.«10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді», – делінген мәтінде.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.
– Бұл – фейк. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.