Fake News

Манипуляция: «Жасанды интеллект вакциналарды қолдану эвтаназия екенін мойындады»

Қазнет қолданушылары «Алиса» дауыстық көмекшісіне «ұзартылған эвтаназия» деген не деген сұрақ қойылған бейнероликпен бөлісуде. Жасанды интеллект жауапты ВКонтакте әлеуметтік желісіне тауып, ұзартылған эвтаназия – бұл вакцинация деп айтады. Бұл манипуляция.


Видеода дауыстық көмекші фельдшер Марина Корнатовскаяның мәлімдемесінен кейін таралған «вакцинация – бұл ұзаққа созылған кісі өлтіру» деген танымал фейкті оқиды. Бұл тұжырымның жалған екендігі туралы біз бұған дейін айтқан болатынбыз.

https://stopfake.kz/kk/archives/3688)

Дауыстық көмекші пайдаланушылардың сұрақтарына өз бетінше жауап бере алмайды. «Алиса» берілген алгоритмге сүйене отырып, Желіден ең қолайлы жауаптарды табады. Осылайша, пайдаланушының ауа райы туралы сұрауына «Алиса» өздігінен болжам жасамайды, тек Интернеттен табылған нәтижені ғана айтады.
Бұл ретте ақпарат көзі сұранымға басқаларға қарағанда көбірек сәйкес келетінін таңдайды. Қазіргі жағдайда, мысалы, ол әлеуметтік желідегі постты оқып тұр. Сондықтан жасанды интеллект айтылған деректердің маңыздылығы мен сенімділігін ескермейді.
«Ұзартылған эвтаназия» термині жақында ғана қолданыла бастады және оны тек вакцинацияға қарсы адамдар ғана айтады. Сондықтан ол иммундауға қатысы жоқ контексте кездеспейді.
Классикалық мағынада, эвтаназияны ұзарту мүмкін емес, өйткені анықтама бойынша бұл «емделмейтін аурудан зардап шегіп жатқан және осы аурудың салдарынан ауыр азапты бастан кешіріп жатқан адамның өмірін тоқтату тәжірибесі». Яғни, оған ауруы емделмейтін науқастың қиналуын барынша тез тоқтату үшін ғана жүгінеді.
Эвтаназия түрлерін жіктеуде «ұзартылған» термині жоқ.

Қорыта айтқанда, «Алисаның» жауабын шын деп бағалауға бомлайды. Дауыстық көмекші тек сұранысқа сәйкес келетін әлеуметтік желіні пайдаланушының жазбасын ғана оқыды.
Вакцинация өлімге әкеледі деген теория бірнеше рет теріске шығарылып, ғылымға қарсы деп танылды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button