Fake News

Желіде вакцинацияның салдары туралы әзіл видео тарады

Желіде Рязань тұрғынына улы жасыл зат егілгені жайлы сюжет тарады. Екпеден кейін жарты сағат өткен соң ер адамның жағдайы күрт нашарлаған, дәрігерлер «өкпенің 119% зақымданғанын, оттегіге аллергия пайда болғанын, шизофрения, Эбола безгегі мен вагинит» белгілерін анықтаған. Диагноздардың күлкілі жиынтығына қарамастан, кейбір пайдаланушылар видеоны шын деп қабылдаған.

Видеоның түпнұсқасы «Былғары бұрыш» YouTube-арнасында жарияланған. Бұл жерден қара, қызыл уылдырық, кәді қоспасын шығаратын ақсеркені тор сөмкемен аулаған балықшының 15 жылға сотталғандығы туралы да «жаңалық сюжеті» бар. Бұдан басқа, адамдар бетперде тағып, парниктік әсер қалыптастыру үшін көмірқышқыл газын жеткіліксіз мөлшерде шығаратындықтан, алдағы уақытта мұз дәуірі орнайтыны туралы сюжетті де көруге болады.
Арнаның сипаттамасында «Былғары бұрыштағы» видеолардың барлығы көңіл көтеру мақсатында жасалғаны және әзілден басқа ештеңе насихаттамайтыны жазылған. Барлық оқиғалар мен кейіпкерлер ойдан шығарылған, кез келген сәйкестік кездейсоқ».


Вакцинация туралы сюжеттің бас кейіпкері – блогер Борис Борисянский. Ол саяхат туралы роликтер мен күлкілі вайндар түсіреді.
Сондай-ақ, сюжеттің әзіл екенін медициналық препарат ретінде жапсырмасында «вакцина» деп жазылған ашық жасыл түсті зат пен «жанама әсерлердің» жиынтығынан түсінуге болады. «Екпе жасатқан» блогерден вагинит табылыпты, бұл вакцина науқастың жынысын өзгерткендігін білдіреді, сондай-ақ, оттегіге аллергия шығып, өкпенің 119% зақымданғаны анықталған.
Демек, видеоны шын деп қабылдамау керек. Бұл әзіл ролик және онда шынайы ақпарат жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button