Fake News

Дәлелсіз: «Ғарыш қолбасшылығының дәрігері вакцинация қауіпті деп мәлімдеді»

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ ғарыш қолбасшылығының бұрынғы дәрігері Билл Диглдің вакцинацияның қауіптілігі туралы дәйексөзін таратуда. Онда ол вакциналар арқылы чиптеу, олардың психикаға әсері, екпелердің ДНҚ-ны өзгерту, қатерлі ісік пен басқа ауруларды тудыру қабілеті туралы айтады. Оған сенуге бола ма? Анықтайық.

Алдымен Билл Диглдің кім екенін айтайық. Желіден бұл атауды ағылшын тілінде іздегенде еш нәтиже шықпады. АҚШ Әскери-әуе күштерінің ғарыш қолбасшылығының ресми сайтында мұндай есімді адам туралы ақпарат жоқ.

Ағылшын тілінде Билл Дигл есімін «вакцина» және «дәрігер» сөздерімен бірге іздегенде де өзекті мәлімет табылмады.

Демек, Билл Дигл АҚШ әуе күштерінің ғарыштық қолбасшылығының дәрігері болғанын растау мүмкін емес.

Оның вакциналар туралы мәлімдемесіне келетін болсақ, ол бұрын теріске шығарылған фейктерден тұрады және оған сенбеген жөн. Олардың негізгілерін талдайық.

  1. Адамдарға вакцина арқылы микрочиптер енгізіледі.

Бұл 1980 жылдардың соңында пайда болған ескі қастандық теориясы. Содан бері вакцинамен бірге бірде-бір чип енгізілмеген. Мұндай әрекеттер, біріншіден, мағынасыз, екіншіден, байқалмай қалмас еді. Бүгінгі таңда деректерді қабылдап, тарата алатын және ұзақ уақыт қуаттаусыз жұмыс істейтін, сондай-ақ тым кішкентай, көзге көрінбейтін чиптер жоқ.

  1. Вакциналар ДНҚ-ны өзгертеді

Бұл өтірік. Адамның ДНҚ молекулалары жасуша ядроларында сақталады. Вакциналардың компоненттері, инактивацияланған патоген платформасындағы классикалық препараттар немесе мРНҚ вакциналары болсын, жасуша ядроларына ене алмайды. Сондықтан олар ДНҚ-мен ешқандай әрекеттеспейді және оны өзгерте алмайды.

  1. Вакциналар психотроптық заттар болып табылады

Бұл олай емес. Қолдануға рұқсат етілген бірде-бір вакцина психотроптық әсерге ие емес. Сонымен қатар 2023 жылы мета-анализ нәтижелері жарияланды, бұл COVID-19 қарсы вакциналардың психиатриялық жанама әсерлермен ешқандай байланысы жоқ екенін дәлелдейді.

  1. Вакциналар қатерлі ісік ауруын тудырады

Бұл ешқандай растауы жоқ ескі миф. Онкологиялық аурулар мен иммундаудың арасындағы байланысты жоққа шығаратын ғылыми дәлелдер бар.

Қорыта айтқанда, хабарламада келтірілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Билл Диглдің шын мәнінде кім екені белгісіз, ал оның вакцинация туралы сөздері ескі фейктер жиынтығы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button