Fake News

Қазақстанда қамауда отырған 400 тұтқынның мерзімінен бұрын босатылғаны туралы хабарлама – фейк

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде еліміздің түрмелерінен 400 адам мерзімінен бұрын босатылғаны туралы хабарламаларды таратуда. Қазір бұрынғы тұтқындар кілем тазарту компанияларының өкілдеріміз деп үйлерді аралап, тонауа. Бұл жалған.


ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Әлеуметтік желілерде сотталған 400 адамды Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы жалған ақпарат таратылуда. ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді”, – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button