Fake News

Полиция департаменті WhatsApp-та тараған елордадағы тонаушылар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер құжат тексеруді желеу етіп, пәтерлерге кіріп, азаматтарды тонауда деген ақпарат тарады.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚК 274-бабына сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіздер. Елордада қылмыстық ахуал тұрақты, толық бақылауға алынды.
Полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап, құжаттарды тексеруде. Бұл ретте тәртіп сақшылары өздерін таныстырып, қызметтік куәліктерін көрсетеді. Тұрғындардан түсіністік танытып, жүргізіліп жатқан шараларда көмектесулерін сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button