Медициналық фейктер

Желіде пневмонияны емдейтін дәрінің рецептісі тарады

Желі пайдаланушылары пневмонияны емдеудің ерекше рецептісімен бөлісуде. Олар ауырсынуды басу үшін пияз, сарымсақ, желкек пен балды араластыруға кеңес береді. Бұл қоспаның бірде-бір ингредиентінің пневмониямен күресте тиімділігі дәлелденбеген және бұл затты қолдану науқасқа зиянын тигізуі мүмкін.


Пайдаланушылар пияз, сарымсақ және желкекті араластырып, оған бал қосуға кеңес береді. Кейбір дереккөздерде мұндай тұнба Галинаның өмірін сақтауға көмектесті деп хабарланса, басқаларында осындай рецепті жазылған мәтін Виктордың атынан таратылуда. Шын мәнінде, тамыр дақылдарын балмен араластырудың пневмониядан емделуге көмектесетіні екіталай.
Пневмония – бұл өкпе тінінің қабынуымен сипатталатын өте қауіпті ауру. Егер ол бактериялық болса, онда оны антибиотиктермен емдейді. Вирустық пневмония кезінде симптомдық ем-дом тағайындалады, саңырауқұлақты пневмонияны емдеу үшін фунгицидтік препараттар мен арнайы антибиотиктер қолданылады. Пневмонияның типін білмей, дұрыс ем тағайындау мүмкін емес.
Сарымсақ, пияз, бал мен желкек құрамында пайдалы заттар болғанымен (оны растайтын зерттеулер бар), олар антибиотиктерді алмастыра алмайды.
Мұндай қоспаны қолдану өкпе тінінің қабынуын жеңілдетуге және оны тудырған вирусты, саңырауқұлақтарды немесе бактерияларды жоюға көмектеспейді. Осылайша, ауру өршиді, ал пациент дәстүрлі емдеу әдістеріне жүгініп, уақыт жоғалтуы мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button