Қазақстанда тұмау жоқ – қате пікір
Қазнет қолданушылары елімізде тұмаудың жоғалып кеткені туралы ақпарат таратуда. Кейбіреулерінің пайымдауынша, оны COVID-19 коронавирус типтес пневмония ығыстырды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазақстандықтардың тұмаумен енді ауырмайтыны туралы қауесет осы жылдың 12 қарашасында «Хабар 24» телеарнасының эфирінде өткен баспасөз конференциясынан кейін тараған сияқты. Онда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов бүгінгі күні елімізде тұмаудың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін атап өткен болатын.
Бірақ маусымдық тұмау коронавирустық инфекцияға жол берді деген тұжырым дұрыс емес.
– Қазақстанда тұмаудың алғашқы жағдайлары жыл сайын шамамен жылдың 45-47 аптасында тіркеледі. Бұл қараша-желтоқсанның басы. Қазір жылдың 46 аптасы. Сондықтан, коронавирус тұмауды ығыстырды деп айтуға болмайды, – деп түсіндірді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз!
Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.