Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина сыналған жануарлардың көбі өліп қалды»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Pfizer өндірген COVID-19 қарсы вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтарын талқылауда. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, препарат қолданылған жануарлардың көбі өліп қалған. Басқалары жануарларға мүлдем сынақтар жүргізілмеген, ал вакцина алған адамдарға енді үлкен қауіп төніп тұр дейді. Бұл мәлімдемелер жалған.

Біріншіден, Қазақстанда тіркелген «Спутник-V» сияқты бүгінгі күні қолжетімді барлық вакциналар, соның ішінде Pfizer және Moderna өндірген мРНҚ препараттары жануарларға сынақтан өткізілді.

Атап айтқанда, қазақстандықтар талқылап жатқан Pfizer өндірген вакцина тышқандар мен макак-резустарға сыналды. Нәтижелер вакцина приматтарды SARS-CoV-2 вирусынан 100% қорғайтынын көрсетті. Тышқандар мен макакалардың 100% антиденелер қалыптасты.

Екіншіден, тәжірибелік жануарлардың өлгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жалпыға қолжетімді есептерді және вакциналардың клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп, клиникалық кезеңге жіберілгенін, содан кейін әртүрлі елдерде уәкілетті органдармен мақұлданғанын жоққа шығарады.

Қорыта айтқанда, вакциналар қажетті сынақтардан өтпеген және адам денсаулығына қауіп төндіреді деген теориялар негізсіз. Сынақтар туралы ресми есептер бұл тезистерді теріске шығарады.
 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button