Фейк: «Африкада Пушкин заманындағы орыс тілінде сөйлейтін кісі етін жейтіндер тайпасы табылды»
Әлеуметтік желілерде Санкт-Петербургтік ғалымдар тобы Африкада XIX ғасырдың басындағы орыс тілінде сөйлейтін кісі етін жейтін адамдардың аса қауіпті тайпасын тапқаны туралы жаңалық талқылануда.
Мұндай хабарлама «Зеркало» порталында жарияланған. Мәтін «Африка сақинасы» халықаралық экспедициясының ғылыми жетекшісі, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің африканистика кафедрасының меңгерушісі Александр Желтовтың сөздерінің негізінде жазылған. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде мұндай қызметкер бар және аталған кафедраны басқарады. 2013 жылы ол Кения мен Танзанияға экспедициямен барған, тайпа осы екі елдің шекарасында тұрады екен. Алайда, ғалымның еңбектерінде Африканың орыс тілді тұрғындары туралы ештеңе айтылмаған.
Бұл жайдайды «Зеркало» порталында жарияланған мақала түпнұсқа емес деп түсіндіруге болады. Орыс текті африкалықтар туралы жаңалық алғаш рет 2010 жылы Smixer сайтында шықты. Сонымен қатар, ресурстың сипаттамасында «Біздің хабарламаларымызда жаңалықтарға тән ақпараттық компонент жоқ. Ол кейді қазіргі заманғы ақпараттық алаңның шындығына негізделген әдеби-шығармашылық компонентпен алмастырылған.
Сондықтан офлайндағы адамдармен және фактілерге кез келген ұқсастықтар жай ұқсастық болып табылады» деп жазылған.
Демек, африкалықтардың орыс тілді тайпасы туралы хабарлама ойын-сауық порталдары таратқан әзіл.