Елдер ДДСҰ COVID-19 туралы ақпаратты жасырды деп сотқа шағымданады –манипуляция
Желі қолданушылары бірқатар елдер ДДСҰ сотқа шағымданатыны туралы ақпарат таратылуда. Бұған ұйымның COVID-19а-дан қайтыс болғандарды тексеруге тыйым салғандықтан ауру мен оны емдеу туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік болмағаны себеп болды.
Хабарламада Германиядан келген ғалымдар ДДСҰ нұсқауларын орындамай, КВИ-ден қайтыс болған бірнеше адамды тексерген делінген. Соның нәтижесінде, олар ауру вирустан емес, бактериядан туындайды деген қорытынды жасаған. Таратылым авторларының пайымдауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл туралы білген, бірақ әдейі жасырған. Ал енді бұл барша әлемге мәлім болғанан кейін ұйымның атына сотқа шағымдар түсуде. Шын мәнінде, бұл олай емес.
Біріншіден, вирус геномы толығымен шешіліп, үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында Еуропалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында жарияланды.
Бұл ретте вирусты анықтау үшін өлгендерді тексеру қажет емес – нуклеин қышқылының үлгілері пневмониямен ауырған тірі пациенттерден алынды. Демек, COVID-19 бактериядан туындауы мүмкін деген теорияға еш негіз жоқ.
Екіншіден, АҚШ-та Нью-Йорк округінің тұрғындары ДДСҰ-ны сотқа бергеніне қарамастан, оның аурудың бактериядан шығуына және аутопсия өткізуге еш қатысы жоқ. Бұл жағдайда шағымданушылар ұйымды «коронавирустың жаһандық пандемияның басталғандығы туралы ресми хабарлауда салғырттық танытты және кешіктірді» деп айыптауда.
Үшіншіден, ДДСҰ ешқашан COVID-19-дан қайтыс болғандарды тексеруге ешқашан тыйым салған емес. Ұйым процедура кезінде қосымша қауіпсіздік шараларын сақтауды ғана ұсынды. Оның барлығы үстіміздегі жылдың 26 наурызында ресми сайтта егжей-тегжейлі сипатталып, жарияланған.
Осының бәрін назарға ала отырып, хабарламада бірде-бір сенімді дерек жоқ деуге болады.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.