Fake News

Фейк: «ДДСҰ вакцинаның тиімділігін дәлелдеу үшін науқаста санын жасанды түрде азайтуды ұсынады»

Қазнет пайдаланушылары ДДСҰ-ның әлем дәрігерлерімен қастандық жасау теориясын талқылауда. Кейбіреулерінің пікірінше, ДДСҰ вакцинаның тиімділігін дәлелдеу үшін ауру статистикасын жасанды түрде төмендетуге ниетті.


Пайдаланушылар ДДСҰ-ның IVD 2020/05 пайдаланушыларына арнаған ақпараттық хабарламасын оқығаннан кейін осындай қорытынды жасап отыр.
Шын мәнінде, хабарламада аурудың статистикасы туралы ештеңе айтылмаған. Онда ПТР әдісімен COVID-19 сынақтарын өткізетіндерге арналған ұсыныстар ғана берілген. Атап айтқанда, әңгіме барынша дұрыс диагностикалау үшін әлсіз оң сынақтарды мұқият түсіндіру туралы болып отыр.
– Егер тест нәтижелері клиникалық картинаға сәйкес келмесе, жаңа үлгі алып, оны сол немесе басқа NAT технологиясын қолдана отырып, қайта сынау керек, – делінген ұсыныста.
Бұл ДДСҰ-ның осындай сипаттағы алғашқы ұсынысы емес. Біріншісі 2020 жылғы 14 желтоқсанда жарық көрді. Содан кейін қастандық теорияларын жақтаушылар жарияланымды ПТР сынақтарын сенімсіз деп тану деп түсіндірді. Бұл расталған жоқ. 
Ауру статистикасын жасанды түрде төмендету туралы болжам да дұрыс емес. ДДСҰ ұсыныстарында бұл туралы ештеңе айтылмаған. Сонымен қатар, COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі клиникалық зерттеулермен расталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button