Жаңалықтар

Фейк: «ДДСҰ ПТР тестілерін сәтсіз деп таныды, өйткені олар тым көп оң нәтиже береді»

Қазнет қолданушылары ДДСҰ ПТР-тестілердің елеулі кемшілігі бар екенін мойындады, сондықтан бұл әдіс COVID-19 анықтау үшін жарамсыз деген ақпаратпен бөлісуде. Ал бұған дәлел ретінде осы жылдың 14 желтоқсанында ұйымның сайтында жарияланған хабарламаға сүйенеді. Шын мәнінде, мәтінде қолданыстағы жүйе КВИ диагностикасы үшін жарамсыз деп танылған деп айтылмаған.

Жарияланған хабарламада ПТР талдауы арқылы тестілеу әдістемесі туралы жазылған. Хабарламаға сәйкес, жалған оң нәтиже алу қаупі бар және ол да ескеріледі. Сондай-ақ, вирустың концентрациясы төмен науқастарда жалған нәтиже болуы мүмкін.

– ПТР құру принципі айналым вирусының деңгейі жоғары (вирустық жүктеме) пациенттер үшін вирусты анықтау үшін салыстырмалы түрде аз цикл қажет болады, сондықтан циклдың жоғары шегінің (Ct) мәні төмен болады. Керісінше, үлгілерде Ct-нің мәні жоғары болса, бұл вирусты анықтау үшін көп цикл қажет болғанын көрсетеді. Кейбір жағдайларда фондық шу мен мақсатты вирустың нақты болуы арасындағы айырмашылықты анықтау қиынға соғады. Осылайша, нұсқаулықта ПТР оң нәтижесінің шегінде немесе оған жақын үлгілерді қалай түсіндіруге болатындығы көрсетіледі», – делінген мәтінде.

Одан ары жалған нәтижеге жол бермеу бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, мамандарға клиникалық белгілерді, індетті жұқтырған адамдармен байланысудың расталған жағдайларын және т.б. ескеру ұсынылады. Сонымен қатар, егер талдау нәтижелері күмән тудырса, ДДСҰ биоматериалды қолмен қайта тексеріп, вирусты анықтауға қажет Ct циклдарының санын көрсетуге кеңес береді.

Мәтінде ПТР тестілерін қолдану кезінде жалған нәтиже алу ықтималдығы жоғары болатыны сонша, бұл оларды жарамсыз етеді деп айтылмаған. Жарияланған ұсыныстар мамандарды қолдану нұсқауларын мұқият оқып шығуға және барынша нақты нәтиже алу үшін қажетті хаттамаларды сақтауға үндейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button