Fake News
ІІМ «халық жағына шыққан полицей» туралы ақпаратты жоққа шығарды
Ақтөбеде Instagram-да «халық жағына шыққан бірінші полицей» туралы пост шықты. ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желі парақшасында тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк болып табылады», – делінген Министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасымен жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өтті.