Нұр-Сұлтан қаласының полициясы тыйым салатын жол белгілерінен өту туралы фейк ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде жүк көліктеріне тыйым салатын жол белгілері арқылы өтуге берілетін рұқсаттамаларды сату туралы фейк ақпарат таратылуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, жол қозғалысы саласындағы және басқа да ілеспе нормативтік құқықтық актілерде тыйым салатын жол белгілерден, оның ішінде жүк автомашиналарымен өтуге рұқсат беру көзделмегенін ескертеді.
«Жүк көліктеріне елорда көшелерімен кедергісіз жүруге арналған рұқсаттама немесе рұқсат түрінде белгіленген үлгілер, бланкілер және өзге де форматтар жоқ екенін хабарлаймыз. Осындай «рұқсаттамалардың» заңсыз жасалғанын біле тұра, оларды таратқан және сатып алып, пайдаланған кезде Полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы мәселені қарастыратын болады. Осы мәліметтерді назарға алуларыңызды және қандай да бір ақпарат болған жағдайда Полиция департаментінің кезекші бөліміне 8 (7172) 71-60-10 телефоны бойынша немесе 102 арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің көлік құралдарының жүргізушілерімен байланысы барынша азайтылды, жүргізушілер жол берген құқық бұзушылықтар «Сергек» камераларымен тіркеледі», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.