Фейк: «Науқастарды сайлау күніне дейін ауруханаларда ұстайды»
Telegram арналарын пайдаланушылар пациенттерді медициналық мекеме аумағында сайлауға қатысуы үшін ауруханалардан шығармайтыны туралы ақпаратпен бөлісуде.
Мұндай қауесеттің тарауына WhatsApp мессенджеріндегі хат алмасудың скрині себеп болған, онда әңгімелесушілердің бірі «анасын шығармай жатқанын» жазған. Барлығы жексенбіге дейін ауруханада қалады екен. Дауыс беру үшін».
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады
«Барлық пациенттер ауру белгілері бойынша стационарда болады. Өңірлердің бәрінде стационарларға жатқызу және шығару жоспарлы режимде жүріп жатыр. Сайлауға байланысты пациенттерді шығаруды кейінге қалдыру сияқты жағдайлар болған жоқ. Барлық науқастар стационарда ауру белгілері бойынша жатыр», – делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.