Сайлау
Бюллетеньдер тастау жағдайы түсірілген видео Қазақстанда түсірілмеген жоқ
Әлеуметтік желілерде бюллетеньдер салу барысы түсірілген видео тарады. Ол Қазақстанда түсірілмеген.
Шын мәнінде, бұл ролик 2019 жылы көктемде Украинада түсірілген. Оның түпнұсқасын YouTube-тен табуға болады.
Толық видеода қабырғада ілулі тұрған Украина туы және дауыс беру жәшіктеріндегі елтаңба көрсетілген. Ал, 2019 жылы күзде бұл видео бұзушылық Санкт-Петербургте тіркелді деген жазумен рунетте таратылды.
Қорыта айтқанда, роликтің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.