Сайлау

Түркістан сайлау комиссиясы артық бюллетеньдер салу туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Түркістандағы учаскелердің бірінде сайлау бюллетеньдерін артығымен салу туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты облыстық сайлау комиссиясы түсініктеме берді.

Онда жарияланым авторы қазіргі кезде әлеуметтік желілердегі парақшасынан фотосуреттерді, бейнематериалдарды өшіріп тастағаны айтылған.
«Сонымен қатар облыстық сайлау комиссиясы берген жәшіктерге бір уақытта бірнеше бюллетень салу мүмкін емес. Сайлау комиссиясының барлық мүшелерінен және сайлау учаскесінде болған бақылаушылардан түсіндірмелер алынып, аталған факті теріске шығарылды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бұл сюжет шындыққа сәйкес келмейді деп қорытынды жасауға болады», – делінген Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасында.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button