Fake News

Әр жылдардағы күнтізбелер неге толық сәйкес келеді?

Қазнет пайдаланушылары 2021 жылға арналған күнтізбені сатып алмай, толық сәйкес келетіндіктен 1937 жылғы ескісін пайдалануды ұсынуда. Біреудің үйінде 84 жыл бұрын шығарылған күнтізбенің табылуы екіталай, бірақ ондай бар болса, ондағы күндер 2021 жылдың жаңа күнтізбесімен бірдей болады.

Шын мәнінде, мұндай күнтізбелер ерекше құбылыс емес. Желі пайдаланушылары өз бақылауларымен және әр жылдардағы бірдей күнтізбелердің фотосуреттерімен жиі бөліседі. Мысалы, 2014 жылы күндер 1986 жылғымен толық сәйкес келген, ал 2019 жылғы күндер 2013 жылмен бірдей болған.

Күнтізбелердің осындай сәйкестігін есептеу қиын емес: кібісе жылдағы күнтізбелер әр 28 жыл сайын толығымен қайталанады. Ал одан кейінгі жыл күнтізбесі 11 жыл бұрынғы күнтізбеге сәйкес болады. Яғни, 2017 жылғы күнтізбе 2006 жылғы немесе 1995 жылғы күнтізбеге ұқсас болған. Болашақта есептеу үшін, кібісе жылдан кейінгі жылға алты жыл қосу керек. Демек, 2017 жылдың күнтізбесі 2023 жылы да өзекті болады.

Ал кібісе жылға дейінгі жылдар керісінше саналады – іздеп отырған жылға қай жылғы күнтізбенің сәйкес келетінін білу үшін алтыны аламыз және күнтізбенің қай жылы қайта қажет болатындығын түсіну үшін 11 қосамыз.

Кібісе жылға дейінгі және одан кейінгі жылдардағы тұрақты жылдар үшін есептеу ережелері біршама қарапайым – 11 жылды қосу және алу қажет.

Осы есептеулерге сүйене отырып, «Мәңгілік күнтізбелер» әзірленген. Олар айналмалы дискілер немесе кестелер түрінде жасалып, кестеге енгізілген кез келген жылы белгілі бір күнге аптаның қай күні түсетінін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button