Fake News

Фейк:«COVID-19 вакцинациясынан кейін есінен танып қалған медбикенің өлімі жасырылуда»

Telegram арналарында Теннесси мемориалдық ауруханасында осы жылдың 18 желтоқсанында қызметкерлерді вакцинациялау видеосы талқылануда. Медбикелердің бірі Тиффани Довер екпе жасағаннан кейін бірнеше минут өткен соң есінен танып қалды. Бір күннен кейін желіде оның қайтыс болғаны туралы қауесет тарады. Қазір конспирология жақтастарының айтуынша, көп адамға екпе жасау үшін бұл өлімді жасыруда.

Тиффани Довердің өлімі туралы қауесет searchquarry.com порталында оның қайтыс болу туралы куәлігі шыққанда тарады. Сайтта оның есімі «өлгендер» тізімінде көрсетілген, ал төлем жасағаннан кейін құжатты жүктеп алу ұсынылған. Кейбір пайдаланушылар көрсетілген шотқа қаражат аударып, қайтыс болу туралы ешқандай куәліктің жоқ екенін анықтады.


Сонымен қатар, порталда жарияланған ақпараттың сенімділігі күмән тудырады. Біріншіден, сайт ресми емес, ал біреулердің құжаттарын сату заңсыз болып табылады. Екіншіден, сайтта жалған атаулармен, соның ішінде Мыстан Кемпір, Дарт Вейдер және Вилли Вонку деп іздегенде көп нәтиже шығады.
19 желтоқсанда Тиффани жұмыс істейтін мемориалдық аурухана Twitter-де медбике өзін жақсы сезінеді және үйде отбасымен бірге екендігі туралы жазған. Бұл ақпаратты оның әріптесі Лиза МаК-Класки растады.
21 желтоқсанда аурухананың Twitter-дегі парақшасында әріптестерінің ортасында тұрған Тиффани Довердің 20 секундтық видео жарияланды. Видеоға:«Тиффани өзін жақсы сезінетінін хабарлауға қуаныштымыз. Бұл оған қолдау көрсететін әріптестерінің ортасында түскен видео» деген пікір жазылған.


Видео астында қызу пікірталас тудырды. Кейбір пайдаланушылар кадрларда Тиффани емес, оған ұқсайтын қыз деп сендірді. Басқалары медбикенің жағдайының жақсы болғанына қуанды. Мыңдаған қарама-қайшы пікірлер мен жазылушылардың белсенділігінен аурухана әкімшілігі қазір жарияланымдарды қолданушылардан жасыратын болған сияқты. 
Алайда, қысқа видеода Тиффанидің өзі емес, оған ұқсас адамның түсуіне негіз жоқ. Роликтер әр түрлі жарық жағдайларында, әр түрлі камералармен, әр түрлі бұрыштардан және әр түрлі күндері түсірілген. Сондай-ақ екі жазбада да Тиффани Довер медициналық маска таққан. Сондықтан екі қысқа видеоны салыстыру және тану пайдасыз. Ол үшін сенімді салыстыру жүйесі жеткіліксіз болады және ол дұрыс жұмыс істемейді. 
Сондай-ақ, желі қолданушылары Тиффанидің туыстары мен таныстарының денсаулығы мен әл-ауқаты туралы жауаптармен бөлісті. Олардың барлығы қыздың аман-сау және үйде екенін айтады.
Қорфта айтқанда, медбике Тиффани Довердің өлімі туралы хабарламалар фейк, ал оның қайтыс болуы жасырылуы мүмкін екендігі туралы теория негізсіз.
Бұған дейін StopFake.kz вакцинациядан кейін медбикенің есінен танып қалуы препараттың «қауіптілігін» растай алмайтыны туралы жазған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button