Қымбат сыйлықтар ұсыну арқылы қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлайды
Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатын тағы бір сілтемемен бөлісуде. Шын мәнінде, өндіруші қазір мұндай лотереялар ұтысын өткізбеуде, ал ұтысқа қатысуға шақыратын сайт фишингтік болып табылады.
Huawei компаниясының ресми интернет-порталында жаңа жылдық ұтыс туралы жазылмаған.
Сонымен қатар, қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа ресми емес және өндіруші компанияға ешқандай қатысы жоқ.
Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушылары тартымды сілтеме бойынша өту қауіпті екенін ескертеді.«Егер сәлтеме пошта немесе What’ sApp арқылы келсе — онымен ешкіммен бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты – сіздің деректеріңізді ұрлау», – деп жазады олар.
Фишингтік сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды. Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.
Бұған дейін StopFake.kz алаяқтардың пайдаланушыларды алдау үшін танымал брендтерді қолданатындығы туралы жазған болатын.