Fake News

Қазақстандықтар ханзада Филипптің өлімі туралы жалған жаңалықты талқылауда

Қазнет пайдаланушылары II Елизавета патшайымның 99 жастағы күйеуі ханзада Филип туралы жалған хабарламаны талқылауда. Корольдік отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы қауесет Microsoft Bing іздеу жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты тараған.


Іздеу жүйесі ханзада Филипп 9 наурызда «көз жұмды» деп хабарлаған. Пайдаланушылар Prince Philip сұрауы бойынша алған ақпарат блокта оның биыл VII Эдвард клиникасында қайтыс болғаны айтылған. Кейіннен компания өкілдері қателікті мойындап, ханзаданың өлімі туралы хабарлаған ақпараттық блокты алып тастады.

Қазір ханзада Филип үйде, отбасымен бірге. Ол бір айға жуық уақытқа созылған емдеуден кейін қалпына келуде. Ханзада өзін нашар сезінгендіктен 16 ақпанда Лондон орталығындағы VII Эдвард ауруханасына жатқызылған. Ал ауруы жайлы толық ақпарат жоқ.
Кейіннен Лондонда Әулие Вармоломей ауруханасында ол анықталмаған кардиологиялық процедурадан өтіп, VII Эдвард клиникасына қайта жатқызылды. 
17 наурызда Желіде Sky News телеарнасының жаңалықтар сюжеті шықты, онда ханзаданың ауруханадан үйге оралғаны көрсетілген.


Демек, патшайымның жұбайының қайтыс болғаны туралы жаңалық техникалық ақаудың нәтижесінде орын алған және шынайы ақпарат емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button