Фейк: «Вакциналарда бір жыл ішінде адамдарды өлтіретін патоген бар»
WhatsApp-та тараған видеода COVID-19 қарсы вакциналарда алты айдан бір жылға дейінгі аралықта адамдарды өлтіретін патоген бар екендігі туралы видео айтылады. Бұл роликті талдап, оның неге толықтай жалған екенін түсіндірейік.
Бұл видеоны бірінші болып қастандық теориялары туралы видеоларды жариялайтын «Крамола» YouTube каналы жариялаған.
2021 жылдың қазан айында канал авторы Антон Мысливец фейк ақпараттар таратқаны үшін сот үкімімен 200 сағаттық міндетті жұмыс түрінде жазаға тартылды. Бұған қатысты іс қозғауға екпе алғандар бір жылдан кейін өледі деген видео себеп болды.
Роликтегі ақпарат толығымен бұрмаланған және көрермендерді шатастырады.
Ролик авторының айтуынша, вакцинаны алғаннан кейін адам аурудың белгілерін сезбейді, ал хал-ахуалы жақсарады. Бірақ видеода қандай белгілер туралы айтылғаны белгісіз. Дәрігерлер ауырып жүргенде COVID-19-ға қарсы егілуге қатаң түрде тыйым салады. Вакцинаны пациент ешқандай ауру болмаған кезде ғана алуы керек.
Вакцина – бұл дәрі емес. Ол ауру адамды емдемейді. Вакциналар ағзаға патогенге антиденелер қалыптастыруға көмектеседі, иммундық жүйені тануға және онымен күресуге «үйретеді».
Вакциналар адамдарды алты ай немесе бір жылдан кейін өлтіреді деген теория объективті шындыққа қайшы келеді. 91 жастағы Маргарет Кинан – клиникалық сынақтардан тыс КВИ қарсы вакцина алған әлемдегі алғашқы әйел, ол 2020 жылдың 8 желтоқсанында егілген. Ол әлі тірі.
2020 жылдың желтоқсанынан бастап Жер тұрғындарының 70%-дан астамы COVID-19 қарсы вакцина алды. Олардың көбі бір жылдан астам уақыт бұрын егілген, және осы уақытқа дейін тірі. Сондай-ақ әлемде жаппай түсініксіз өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Таралған видео – бұл ескі фейк. Онда келтірілген тезистер объективті шындыққа қайшы келеді және жалған болып табылады.