Фейк: «ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасында ақаулықтар бар»
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мессенджерлерде жіберілген ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасының ақаулықтары туралы аудио хабарлама жалған болып табылатынын және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Тиісті ақпарат ресми сайтта жарияланды.
«Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.
Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады», – делінген хабарламада.
eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады.