Fake News

Манипуляция: «ДДСҰ маска тағудың қаупін мойындады»

Қазнет пайдаланушылары ДДСҰ маска тағуды қауіпті деп танығаны және олардың тиімділігі дәлелденбегендігі туралы мақаланы талқылауда. Материал авторы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың 1 желтоқсанында жариялаған жаңа ұсыныстарға сүйенеді.

Шын мәнінде, мақалада айтылғанның бәрі – манипуляция. Автор контекстен алынған сөйлемдерді қолданып, олардың мағынасын бұрмалайды. Сонымен қатар, құжат тек ағылшын тілінде ғана қолжетімді болғандықтан, автор кейбір терминдерді дұрыс аудармайды.
Біріншіден, автор ДДСҰ-ның маска тағу туралы ұсыныстарын келтіреді және олар тек індетті жұқтырған адамдарға немесе COVID-19 тестінің нәтижелерін күтіп жүргендерге ғана қатысты екенін айтады. Сондай-ақ, құжаттың басында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маскаларды COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 вирусының таралуын болдырмау үшін алдын алу шараларының кешенді жиынтығының бөлігі ретінде қолдануға кеңес береді» делінген. Мәтінде аурудың белгілері бар науқастарға немесе күдіктілерге, егер жақын жерде басқа адамдар болса, кез келген жағдайда маска тағу ұсынылатыны жазылған.
Екіншіден, мақалада «қазіргі уақытта бетперде тағудың шектеулі және қарама-қайшы ғылыми мәліметтері бар» деген үзінді мен жеке қорғаныс құралдарының тиімсіздігін көрсететін тәжірибе туралы келесі абзац келтірілген. Алайда, құжаттың келесі абзацында басқа зерттеушілер жүргізген ұқсас тәжірибе туралы айтылады. Оның нәтижелері маскалардың тиімді екенін көрсетті.
«Бейжіңдегі зерттеулер көрсеткендей, отбасыда маска тағудың атиімділігі алғашқы отабсы мүшелерінде COVID-19 белгілері байқалғанша 79% құрайды», – делінген ұсыныста.
Сондай-ақ, ДДСҰ құжатында медициналық қызметкерлердің бетперде тағуының тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер келтірілген.
Үшіншіден, автор демікпе секілді созылмалы респираторлық аурулары бар адамдарға маска тағуға қарсы көрсетілімдер туралы ақпаратпен манипуляция жасайды. Бұл ұсыныстар алдыңғы құжаттарда да жарияланды. Бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары және бірқатар басқа аурулары бар адамдарға тиісті медициналық анықтама болған жағдайда, қоғамдық орындарда бетперде тағуға ресми түрде рұқсат етілген. 
Бұл ретте ДДСҰ ұстанымы өзгерген жоқ, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар үшін жеке қорғаныс құралдарының ықтимал зияны айтылып жүрді.
Сондай-ақ, автордың ДДСҰ тыныс алу жолдары зақымданған адамдарға маска тағуға «қатаң кеңес береді» деген сөздері ойдан шығарылған. Ресми құжатта мұндай тұжырымдар жоқ.
Демек, талқыланған мақала манипуляция болып табылады. Автор тек контекстен алыған сөз тіркестерін ұсынады, оларға өз болжамдарын қосады және мағынасын бұрмалайды.
Сонымен қатар, ДДСҰ медициналық маскаларды дұрыс тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қолды жиі жуу COVID-19 жұқтыру қаупін азайтады деген берік ұстанымға ие.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button