Желіде коронавирустың дельта нұсқасын жұқтырудың фейк белгілері таралды
StopFake.kz редакциясына бір оқырманымыз What’sApp-та тараған ақпаратты шынайылығын тексеруді сұрады. Онда SARS-CoV-2 коронавирусының дельта нұсқасын жұқтырған кезде жөтел мен температураның көтерілуі болмайды делінген. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Бұл ақпарат – ескі фейк. Өткен 2021 жылдың тамызында дәл осы мәтін Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің атынан таратылған болатын. Бұл ретте ведомствоның ресми сайтында сол кезде де, одан кейін де мұндай ақпарат жарияланбаған.
Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жетекшілік ететін COVID-19 туралы ресми сайтта дельта нұсқасын жұқтырудың ерекше белгілері туралы ақпарат жоқ.
Демек, израильдік министрлік те, қазақстандық ведомство да хабарламада келтірілген ақпаратты таратпаған.
Шындығында, SARS-CoV-2 вирусының дельта нұсқасын жұқтырудың негізгі белгілері – бұл жөтел және жоғары температура.
Сондай-ақ ақпаратта тағы бір сәйкессіздік бар. Онда вирустың дельта нұсқасы басқаларға қарағанда өкпеге тезірек ене алатыны айтылған. Бұл олай емес. Дельта нұсқасы өкпеге патогеннің басқа мутацияларымен бірдей жылдамдықпен енеді, бірақ спайк ақуызының белгілі бір құрылымына байланысты өкпеге үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Осы дәлсіздіктерге қарамастан, хабарламада аурудың алдын алу бойынша дұрыс ұсыныстар берілген. Ауру өршіген кезде адамдар көп жиналатын жерлерге бармай, аурудың айқын белгілері бар адамдарды құшақтап, сүюден аулақ болу керек. Сондай-ақ маска тағып, антисептикалық құралдарды қолдану ұсынылған.