Фейк аккаунттар

Желіде Қазақстан Премьер-Министрінің фейк аккаунты пайда болды

Instagram-да Қазақстан Үкіметінің жалған аккаунты пайда болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

@Officialkazakhstangovt аккаунтының парақшасында бір ғана хабарлама жарияланған, жазылушылар саны – төрт мыңнан астам. Профиль сипаттамасында оның Қазақстан Үкіметінің ресми аккаунты болып табылатыны жазылған.

«Instagram әлеуметтік желісіндегі @officialkazakhstangovt аккаунты фейк екендігін мәлімдейміз», – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, шынайы ақпарат www.primeminister.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтында, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында жарияланады.

PrimeMinister.kz контент-платформалары:
1. instagram.com/primeministerkz (қазақ /орыс/ағылшын тілдерінде);
2. fb.me/primeminister.kaz (қазақ тілінде);
3. fb.me/primeminister.kz (орыс тілінде)
4. fb.me/primeminister.int (ағылшын тілінде);
5. twitter.com/primeminister_k (қазақ тілінде);
6. twitter.com/primeministerkz (орыс тілінде);
7. twitter.com/primeministeren (ағылшын тілінде);
8. vk.com/primeminister_k (қазақ тілінде);
9. vk.com/primeminister_news (орыс тілінде);
10. youtube.com/c/pmkz (қазақ/орыс тілінде);
11. Telegram @PrimeMinisterKZ_bot (қазақ/орыс тілінде)

Басқа жаңалықтар

Back to top button