Fake News

Фейк: «Қазақстанда Omicron XBB коронавирусының жаңа нұсқасы таралуда»

Қазақстандықтар WhatsApp-та ескі фейкті таратуда. Елде Omicron XBB деп аталатын мутацияланған COVID-19 вирусы анықталған екен. Бұл жалған.


Бұл хабарлама Желіде бір жылға жуық уақыттан бері жүр. Ол әртүрлі елдерде таралды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламаға ешқандай қатысы жоқ.
SARS-CoV-2-нің Omicron XBB нұсқасы туралы алғаш рет 2022 жылдың тамызында хабарланды.  Omicron-ның өзі 2021 жылдың қарашасында анықталған болатын. Коронавирустың жаңа нұсқасы Оңтүстік Африка зертханаларынан табылды.
Вирус бұрынғы мутацияларды – «Альфа», «Бета» және «Дельтаны» ығыстырып, жаңаларын тудырды. 2023 жылдың қаңтар айының басында әлемде Omicron XBB 1.5 тіркелді. Оның белгілері жай суық тиюге ұқсас болды.
2023 жылдың наурызында ДДҰ Omicron-ды алаңдатарлық вирус деп атауды қойды. Оның нұсқалары әлі де болса бақылауда және қызығушылық тудыратындар қатарына жатқызылды.
Биыл жазда АҚШ дәрігерлері коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы «пирола» туралы мәлімдеді (BA.2.86). Бұл түр тармағының Omicron XBB1.5 қарағанда 30-дан астам мутациясы болған. Аз уақыттың ішінде пирола әлемнің 10 елінде таралды. Бұл вирус жай суық тию сияқты болды. Науқастарда безгек, тамақ ауруы, жөтел, дәм мен иіс сезу қабілетінің жоғалуы сияқты белгілер байқалды.
Қыркүйек айында инфекционистер коронавирустың жаңа JN.1 нұсқасын анықтады. «Пироланың» бір түрі JD.1 осылай аталды. Ол алдымен АҚШ пен Ұлыбританияда тіркелді. Содан кейін Еуропада таралды. Ғалымдар ол аса жұқпалы деп алаңдауда. Ерекше белгілері жоқ. Коронавирустық инфекцияның белгілеріне ұқсастық бар: жөтел, шаршау, ентігу, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы, бұлшықет және бас ауруы, мұрыннан су ағу, жүрек айну, безгек.
Вирусологтар коронавирустың маусымдық аурулар тізіміне енгізіленін атап өтті. Олар, бұрынғыдай, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, бетперде тағуға, қашықтықты сақтауға және қолды жиі жууға кеңес береді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button