Манипуляция: «Халықаралық рейстермен ұшу үшін міндетті түрде СOVID-19 қарсы егілу керек»
Қазнет пайдаланушыларын Qantas Airlines әуе компаниясының басшысының трансатлантикалық рейстердің жолаушыларында COVID-19 қарсы екпе жасатқаны туралы анықтама болуы тиіс деген мәлімдемесі алаңдатуда. Шын мәнінде, бұл жаңалық болжамға ғана негізделген және Қазақстанға еш қатысы жоқ.
Qantas Airlines – ішкі және халықаралық рейстерді жүзеге асыратын австралиялық әуе компаниясы. Бұл әуе компаниясының ұшақтары Азияның екі қаласына – Токио мен Сингапурға қонады. Қазақстанға және онымен шекаралас елдерге Qantas Airlines ұшақтарымен жету мүмкін емес.
Әуе компанияның бас директоры Алан Джойс қазіргі кезде жолаушылар үшін жаңа ережелер енгізу мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын айтқан болатын.
– Қазір жолаушылардың екпе жасау паспорттарын, вакцинацияның бар екенін растайтын оның электронды нұсқаларын алу және адамдар баратын елдерде бұл вакцинаның қолайлы болуының жолдарын қарастырып жатырмыз. Бұған қолжеткізу үшін көптеген логистика және техникалық процестерді бастау керек», – деді ол ‘A Current Affair’ телебағдарламасы барысында.
Бұған қарамастан, әлемнің бірде-бір әуе компаниясы мұндай шаралар мен шектеулерді әзірге қабылдай алмайды, өйткені бүгінгі күні COVID-19 қарсы сертификатталған вакцина жоқ және электронды вакцинация паспорттары әзірленбеген.
Басқа ірі әуе компанияларының жолаушыларына қойылатын талаптардың өзгеретіні туралы әзірге мәлімдемелер жасалған жоқ.