Fake News

Фейк: «COVID-19-дан бірде-бір адам қайтыс болған жоқ»

Қазнет қолданушылары Италия депутаттар палатасында өткен баспасөз конференциясында сөз сөйлеген спикердің бейнеролигін таратуда. Ол «Әлемде иммунитеті нашар, патологиясы және бұрынғы аурулары болмағанда бірде-бір адам COVID-19-дан қайтыс болмаған жоқ» деп мәлімдеді. Осы теорияны жақтаушылардың пікірінше, бұл әлемдік қастандық теориясын, SARS-coV-2 вирусының жоқтығын дәлелдейді және «осы жабайы шектеулерді енгізген елдерді күлкі еткен» Швецияны мысалға келтіреді. Бұл теорияның неге бұрыс екенін айтып берейік.

Видео ұсынылған посттың авторының айтуынша, кадрлар Италияның жер үсті желілерінде хабар тарататын «Camera dei Deputati» мемлекеттік арнасының эфирінде» көрсетілген. Шын мәнінде, Италияда мұндай телеарна жоқ, ал Camera dei Deputati – Италия депутаттар палатасы — 630 депутаттан тұратын Италия парламентінің төменгі палатасы.
Сонымен қатар, Италияда бірде-бір мемлекеттік телеарна жоқ. Тек коммерциялық, қоғамдық және спутниктік арналар ғана бар. Олардың ешқайсысы Camera dei Deputati деп аталмайды.
Постта талқыға салынған видео баспасөз мәслихаты барысында түсірілген сияқты. Оны спикерлердің орналасуына қарап айта аламыз. Бірақ Италия депутаттар палатасының ресми сайтында бұл видео белгісіз себептермен жарияланбаған.
Әлемде денсаулығына байланысты проблемалары жоқ, бірақ COVID-19-дан қайтыс болған бірде-бір адамның жоқ екендігі туралы мәлімдемеге ешқандай негіз жоқ. Бүгінгі таңда COVID-19 әлем бойынша 1 396 068 адамның өліміне себеп болды.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, иммунитеті төмен және ілеспе аурулары бар адамдар індетті жұқтыруға бейім, алайда бұл жас және дені сау адамдар коронавирустық инфекциямен ауырмайды деген сөз емес.
Бұған дейін желіде Италия билігі КВИ-дан қайтыс болғандар санын қайта есептеп, жағдайлардың 96,3% адамдар басқа аурулардың салдарынан көз жұмған деген қорытынды жасағаны туралы жалған ақпарат тараған болатын. Шын мәнінде, статистикада COVID-19-дан қайтыс болған пациенттердің 96.3%-ында денсаулығына байланысты проблемалар болған делінген.
Айта кетейік, Италия – COVID-19 індетін жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрған елдердің бірі. Қазіргі кезде 1 556 730 адамда коронавирус тіркелсе, 42 619 адам індет салдарынан қайтыс болған. Елде аурудың қайта өршуіне байланысты осы жылдың 3 қарашасынан бастап коменданттық сағат енгізілді.

Бұған дейін біз коронавирус кезінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосу көп жағдайда адамның өліміне себеп болатыны туралы мифті жоққа шығарған болатынбыз.

Процедураның күрделілігіне және оны қолданудың салдары пациент үшін ауыр болатынына қарамастан, кейде бұл өмірді құтқарудың жалғыз амалы болады.
Карантиннен бас тартқан ел ретінде аталған Швеция іс жүзінде үлгі бола алмайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, коронавирустан 6 406 швед көз жұмған, яғни әр жүз мың адамға шаққанда 64,2 адам ауруды жеңе алмаған. Бұл Еуропадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жалпы, елде 208 295 адам індетті жұқтырған.

Үстіміздегі жылдың 19 қазанынан бастап Швецияда карантиндік шектеулер енгізілді.
Демек, хабарламада келтірілген бірде-бір мәлімдемеге негіз жоқ және кейбіреулері жалған ақпарат болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button