Fake News

Сот коронавирусты анықтауға арналған ПТР тестті пайдасыз деп танымаған

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары коронавирусты анықтау үшін тест жасау пайдасыз деген пікірді талқылауда. Қазнетте «Португалия соты SARS-CoV-2 анықтауға арналған ПТР-ды пайдасыз деп таныды» туралы ақпарат тарады. Жарияланымда Лиссабон апелляциялық сотының шешімінен үзінділер келтірілген. Онда ПТР тесттер туралы айтылатыны рас. Бірақ сот оларды пайдасыз деп танымаған, бірақ нәтижелерді дәрігерлер тексермеген нақты адамдарды карантинге жатқызу үшін жеткіліксіз деп санайды.

Хабарламада апелляциялық сот туралы айтылған. Азор аймақтық денсаулық сақтау басқармасы істі қайта қарауға өтініш берген. Жергілікті денсаулық сақтау мекемесі тамыз айында Сан-Мигель аралына келгеннен кейін екі апталық карантинге жатқызылған төрт неміс туристіне қатысты істе жеңіліп қалған. Олардың бірінде COVID-19 тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсеткен, жергілікті денсаулық сақтау органдарының пікірінше, қалғандарының індетті жұқтыру қаупі жоғары болды. Төртеуі де қонақ үйге карантинге жатқызылды және одан шығуға тыйым салынды.
Олар адам құқығы бұзылды деп санап, аймақтық денсаулық сақтау басқармасын сотқа берді. Карантинге жатқызылған үш адамның ПТР-тест нәтижесі теріс болған. Кейін де аурудың белгілері болмаған. Талап-арыз берушілер Денсаулық сақтау басқармасымен қарым-қатынас португал тілінде аудармасыз жүргізілгеніне де шағымданды.
ПТР зерттеу нәтижелеріне келетін болсақ, сот бірнеше ғылыми зерттеуге сүйенген, атап айтқанда оның сенімділігі тестілеу циклдерінің санына, сондай-ақ вирустық жүктемеге байланысты болатынына.
Нәтижесінде сот талап қоюшылардың бірінің диагнозын растау және індетті қалған үшеуіне жұқтыру қаупі жоғары екендігін белгілеу үшін жалғыз ПТР-тест жеткіліксіз деп шешті. Себебі диагнозды медициналық маман растамаған.
«Қазір бізге қатысты болған жағдайда, мұндай диагнозды іс жүзінде заңға сәйкес біліктілігі бар және озық медициналық тәжірибеге сәйкес әрекет ететін кәсіби маман қойғандығы туралы ешқандай нұсқаулар немесе дәлелдер жоқ. Ұсынылған фактілердің нәтижесінде, өтініш берушілердің ешқайсысын дәрігердің тексермегені», – делінген сот шешімінде.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button