Fake News

Қарағанды әкімдігі қызметкерлердің жаппай індет жұқтырғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Фейсбукте Қарағанды әкімдігінде қызметкерлер жаппай «ЖРВИ жұқтырған» деген хабарлама жарық көрді. Бұл ақпарат ресми түрде жоққа шығарылды.
Хабарлама авторы «өтетін жерден қорғаныс костюмдерін киген мобильді бригаданы» көргенін айтқан. Қарағанды әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.


«Авторға дереккөздерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға кеңес береміз», – деп жазды әкімдіктің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button