Fake News

Фейк: «Ревакцинациядан үш дәрігер қайтыс болды»

Қазақстандық вакцинацияға қарсы адамдар Telegram-чаттарда ауруханалардың бірінде бірнеше күннің ішінде бірден үш дәрігердің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратуда. Қайғылы жағдайларға дейін COVID-19-ға қарсы жаппай ревакцинация жасалған. Шын мәнінде, бұл оқиғалар бір-бірімен байланысты емес. Неге екенін түсіндірейік.

Таралған хабарламада Trillium Health Partners компаниясының басшылығымен Торонтода жұмыс істеген дәрігерлер Якуб Савицки, Стивен Маккензи және Лорна Сегалла туралы айтылған. Ақпаратқа қарамастан, олардың өлімі кенеттен немесе күтпеген жағдай болған жоқ.

49 жасар отоларинголог Лорн Сегалл осы жылдың 17 шілдесінде қайтыс болды. Некрологта оның бір жыл бойы өкпе қатерлі ісігімен ауырғаны жазылған.  

Осы жылдың 18 шілдесінде әйгілі невропатолог Стивен Маккензи көз жұмды. CTV News порталының хабарлауынша, доктор Маккензи қатты ауырып, қайтыс болғанға дейін біраз уақыт бұрын кеңсесін біржола жауып, практиканы тоқтатқан. Дәрігердің нақты диагнозы жарияланған жоқ.

Доктор Якуб Савицкидің жұбайының айтуынша, өткен жылдың тамыз айында асқазан қатерлі ісігінің ең агрессивті түрлерінің бірі диагнозы қойылған, бұл оның өліміне себеп болған.

COVID-19 қарсы вакциналар дәрігерлердің өліміне себеп болуы ықтимал  деген ақпарат жоқ.

Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі зертханалық, клиникалық және клиникалықтан кейінгі сынақтардың нәтижелерімен расталады.

Демек, ревакцинация үш дәрігердің өліміне себеп болды деген ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button