Fake News

Қазақстанда пәтер ұрылары өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырған жағдайлар тіркелген жоқ

Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде бір-бірін пәтер ұрыларының жаңа «жұмыс» схемасы туралы ескертуде. Хабарламаға сәйкес, өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырған ақ көйлек киген жастар пәтер аралап, адамдарға материалдық жағдайы мен балалардың саны туралы сұрақтар қояды. Бірнеше күн өткен соң сұралған адамдардың үйлері тоналады. ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елімізде мұндай жағдайлар тіркелмеген.

Дегенмен, ведомство өкілдері алаяқтар әлеуетті құрбандарының жеке мәліметтерін иемденуге тырысуы мүмкін екенін атап көрсетті.

— Үстіміздегі жылдың маусым айында Қостанай облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қарт адамдарға қатысты алаяқтық іс-әрекеттер жасаған облыстың 4 тұрғынын анықтап, ұстады. Олар үй телефондарына қоңырау шалып, қарттарды іздеген. Өздерін олардың туыстары деп таныстырып, қарызға ақша сұраған, содан кейін күдіктілер туыстарының атынан ақшаны алып кетіп отырған. Тергеу барысында Рудный аумағында алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді, – делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Тәртіп сақшылары сақ болып, алаяқтар мен пәтер ұрыларының қулықтарына түспеуге кеңес береді. Ол үшін қонақтар келгенде есікті бірден ашпай, алдымен қарап алу керек. Егер бейтаныс адамдарға есік ашсаңыз, оларды пәтерге кіргізбеңіз және есіктің жанынан кетпеңіз.

Егер әлеуметтік қызметкерлер, газ қызметінің бақылаушылары, слесарьлар, электриктер немесе ПИК өкілдері шақырусыз келсе, аталған мекемеге қайта қоңырау шалып, олардың өз қызметкерлерін мекен-жайыңыз бойынша жібергенін нақтылауыңыз керек.

– Алаяқтар өздерін қызмет көрсету саласының өкілдері ретінде жиі таныстырады. Арнайы киімі мен құралдарына қарап ештеңе айта алмайсыз. Полицейлер келген адамның құжаттарын тексеруді немесе оның қандай ұйымда жұмыс істейтінін сұрауға кеңес береді», – деп атап өтті ІІМ өкілдері.

Егер шақырылмаған қонақтар немесе қызмет көрсету саласының өкілдері есігіңізді тым қатты қағып, кеткісі келмесе, 102 номеріне хабарласыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button