Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар иммундық жүйенің дисрегуляциясын тудырады»

Танымал Telegram-чаттарда COVID-19-ға қарсы вакциналар иммундық жүйенің дисрегуляциясын тудыратыны туралы хабарлама тарады. Бұл не? Бұл хабарламаға сенуге бола ма? Анықтайық.

Иммундық дисрегуляция – туа біткен генетикалық өзгерістерден болатын жағдай. Ол ағзаның иммундық жауаптың күшін реттей алмауында көрініс табады. Ол тым әлсіз болуы мүмкін, бұл инфекцияның ағзаға тез таралуына әкеледі немесе керісінше, дененің сау тіндері мен органдары зардап шегеді.
Бұл өте сирек кездесетін ауру. Иммундық дисрегуляция мен COVID-19 қарсы вакциналар арасында ешқандай байланыс анықталған жоқ. Екпелердің бұл аурудың дамуына түрткі болатынын дәлелдейтін ғылыми зерттеулер жоқ.

Сондай-ақ таралған хабарламада дәрігерлерге вакцинацияланған науқастардың денелерін ашып қарауға тыйым салынған делінген. Бұл жалған. Шындығында, екпе салдарынан көз жұмған адамдардың жағдайлары тексеріледі. Марқұмдардың денелері ашылып, зерттеледі.
Демек, таралған хабарлама фейк болып табылады. COVID-19 қарсы вакциналар иммундық дисрегуляция тудырмайды, ал дәрігерлер тірі кезінде вакцинацияланған марқұмдардың денесін ашып тексереді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button