Fake News

Фейк: «Учаскелік полицейлерге дүкенге маскасыз кіргендерді видеоға түсіруге бұйрық берілді»

What’sApp мессенджерінде қазақстандықтар учаскелік полицейлер бетпердесіз сауда жасағандарды суретке және видеоға түсіріп, тәртіп бұзушыларға бірден айыппұл салатыны туралы тағы да ескертуде. Бұл әлеуметтік желілерде 2020 жылы күзде тараған ескі фейк.


Учаскелік инспекторларға санитарлық талаптарды бұзғандарды суретке түсіру және оларға айыппұл салу туралы бұйрық берілгені туралы хабарламаны Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды. Бұған дейін осындай фейкке қатысты сауалға берген жауабында ведомство тәртіп бұзушыларға нақты не үшін айыппұл салынатынын түсіндірген еді.
«Полиция қызметкерлері мониторингтік топтармен бірге ойын-сауық орындарын тексеретіні, көшедегі адамдарды тексере алатыны рас. Алайда, бұзушылық анықталған жағдайда, олар рапорт жазуға және тәртіп бұзушыдан жазбаша түсініктеме алуға міндетті. Бұдан кейін барлық құжаттар уәкілетті органда қаралады. Содан соң айыппұл салынады. Фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Яғни, тәртіп бұзушының фотосуреттері мен видеосы оны жауапқа тарту және айыппұл салу үшін жеткіліксіз.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button