Қоғам белсенділері тұтқындарға интервенциялық клиникалық сынақтар жүргізуді тоқтатты – манипуляция
Қазнетте белсенділер әскери, полиция, медицина қызметкерлері мен тұтқындарға интервенциялық клиникалық сынақтар өткізуді тоқтатуға қолжеткізді деген хабар таратылуда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске интервенциялық клиникалық зерттеулерге қатысты түзетулер енгізілгені рас, бірақ оның қоғам белсенділерінің қызметіне (Кодекстің күшін жоюға тырысқан, – ред.) қатысы жоқ.
– «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі 2020 жылғы 7 шілдеде қабылданды. Оның күшін жою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. ҚР Жаңа Кодексін әзірлеу кезінде осал субъектілердің биомедициналық зерттеулерге қатысу мүмкіндігіне қатысты нақтылау нормалары енгізілді. Біріншіден, бөгде адамның көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандардың, жүкті әйелдердің, іс-әрекетке қабілетсіз адамдардың, жасы бойынша зейнеткерлердің қатысуымен интервенциялық клиникалық зерттеулер емдік әсерді зерттеу үшін ғана жүргізілуі мүмкін деген норма енгізілді. Әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, биомедициналық зерттеулер жүргізілетін медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға интервенциялық клиникалық зерттеулерге тыйым салынады, – делінген ведомствоның ресми жауабында.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз!
Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.