Fake News

«Байқоңыр аспанындағы белгісіз ұшу нысаны» Австралияда болған

 

StopFake.kz порталының редакциясына видеоның түпнұсқалығын тексеруді өтінген оқырман хабарласты. Кадрларда түнгі аспанда тез ұшып келе жатқан жарқыраған нысан көрінеді. Хабарлама жіберушінің айтуынша, ролик Байқоңырға жақын жерде түсірілген.

 

Бұл видео – түпнұсқа, бірақ ол Австралияда түсірілген. Ерекше жарқыраған көгілдір-жасыл нысан биыл маусым айында австралиялықтар арасында қызу талқыланған.
Бір қызығы, оның не екендігіне қатысты әлі күнге дейін нақты жауап жоқ. Кейбір мамандардың пайымдауынша, бұл нысан бұрын ұшырылған, апатқа ұшыраған және атмосферада өртенген зымыранның бөліктері болуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда адамдар жарқын ұшқындарды көріп, қозғалыс бағыты басқаша болар еді.
Австралияның Кертин университетінің ғарыштық зерттеулер, ғылым және технологиялар орталығының зерттеушісі Рене Сайерс түнгі аспанда көрінген табиғи нысан деп санайды. Бұған нысаннан тараған жасыл жарық дәлел. Демек, заттың құрамында темір көп. Оның үстіне, қолдан жасалған нысандар осындай түзу траекториямен атмосфераға ене алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button