COVID-19-дың жоқ екендігінің дәлелі үшін 10 миллион доллар – манипуляция
Австралиялық Джейми Макинтайр COVID-19 алаяқтық және әлемдік қастандық екенін дәлелдеген адамға 10 миллион доллар беруге уәде етті. Бұл хабарландырумен Facebook-те жүздеген адам бөліскен, әзірге, пандемия біреудің күрделі жоспары екенін ешкім дәлелдеген жоқ.
Джейми Майкинтайр өзін табысты кәсіпкер, коуч және бестселлерлердің авторы ретінде көрсетеді. Ол өзін-өзі дамыту туралы екі кітап жазған, кейбір пайдаланушылар оларды «Роберт Кийосакиге еліктеу» деп атайды.
Айта кетейік, Google-да Jamie McIntyre деп іздегенде есімдері бірдей екі адамның профайлы ашылады: CNN америкалық журналисті және Солтүстік Ирландия футболшысы. Осыдан австралиялық Джейме өзі айтқандай танымал емес екен деген қорытынды жасауға болады.
Мұнымен қоса, Джейми Макинтайр – саяси жүйені жеңілдетуді және салықтың кейбір түрлерін қайта қарауды жақтайтын «21 ғасырдың авторитарлық партиясының» негізін қалаушы. Қарама-қайшы мәлімдемелері үшін Австралияның бас телеарнасы ABC оны «жанжал шақырушы» деп атады, ал 2002-2007 жылдары ол Австралияның бағалы қағаздар және инвестициялар жөніндегі комиссиясы қозғаған тергеуде болды. Одан инвесторлардың ақшасымен астыртын әрекет етті деп күдіктенді. 2007 жылы ол барлық қарыздарды төлеуге келісіп, іс жабылды. 2018 жылы партия адам аздығына байланысты ресми түрде өз жұмысын тоқтатты.
Осыны ескере отырып, австралиялық жігіт көпшілік назарында болғанды ұнатады дей аламыз. COVID-19 індетінің өлім-жітім статистикасының тым жоғары екенін дәлелдеген адамға миллиондаған доллар төлеуге уәде бергені де сондықтан болар. Дегенмен, ешкім де дәлел келтіре алмады.
Қазір автор бірден үш ұтыс өткізіп жатыр. Ол пандемияның әлемдік қастандық және алаяқтық екенін дәлелдегенге 10 миллион доллар ұсынуда. АҚШ-тағы президенттік сайлаудың бұзушылықсыз өткендігіне дәлел келтіргенге де дәл осындай сома бермек. Джейми Макинтайрдың керісінше, сайлаудың әділ өткенін дәлелдегенге де ақшалай сыйақы төлеуге уәде етіп отыр. Демократиялық партия тарапынан (оның мүшесі сайланған президент Джо Байден) бұзушылықтар жасалмағанын растаған адам бір жарым доллар алады.
– Мен сондай-ақ АҚШ сайлауындағы демократтардың алаяқтық жасағанының дәлелі үшін $ 1.50 ұсынамын. Меніңше, ондай дәлелдер көп, және оны жоғары бағалай алмаймын», – деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Осы мәлімдемеге сүйене отырып, Макинтайр өткен сайлаудың ашықтығына ешқандай дәлел жоқ екеніне сенімді, сондықтан оларды тапқан адамға қомақты қаржы төлеуді ұсынып отыр деп қорытынды жасауға болады. Ешкім дәлелдер таба алмайды деген үмітпен ол пандемия туралы «мифті» әшкерелеу үшін де осындай қаржы төлеуге дайын.
Айта кетейік, мұндай челлендждер көбінесе қоғам назарын аудару үшін ұйымдастырылады. Мысалы, 2018 жылы жазық жер теориясының жақтаушысы біздің планетамыздың доп тәрізді екенін дәлелдеген адамға 10 мың доллар сыйақы беремін деп жария еткен еді. Ол үшін оның есептеулері бойынша ұшақпен ұшып өту мүмкін емес маршрут ұсынылды. Автралиялық ұшқыш барлық нұсқауларды орындап, жердің тегіс екендігі туралы теорияны жоққа шығарды. Бірақ уәде етілген марапатты алған жоқ.
Жоғарыда айтылғандардан австралиялықтардың ұсынысы манипуляция деп қорытынды жасауға болады. Ол түрлі теориялардың дәлелі үшін қомақты қаржы төлеуге дайын екеніне қарамастан, оларды ешкім дәлелдей алмады, және дәлелдейтіні екіталай.